354
Арыстан
,» деп қос нүктенің орнына үтір мен сызықша берілген.
Түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы келтіріліпті, біз осы жинақты не-
гізге алдық.
«Шал мен ажал».
Түпнұсқадағы (39-б.)
«Өлімнен тірілігін көреді
артық»
деген тармақ 1989 ж. жинақта (68-б.)
«Өлімнен өз тірлігін
көреді артық»
деп, 1991 ж. жинақта (38-б.)
«Өлімнен тірлікті көрген
артық»
болып өзгерген. Түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы келтіріл-
ген, осы жинақты негізге алдық.
«Қайырымды түлкі».
Түпнұсқа (41-б.) мен 1989 ж. жинақтағы
(69-б.)
«Сар мойын! Ер жетті ғой балаларың»
деген тармақ 1991 ж.
жинақта (39-б.)
«Сары маса, ер жетті ғой балаларың»
деп берілген.
2003 ж. жинақ мәтіннің түпнұсқадағы күйін сақтап, тек оның бірінші
сөзін қазақ тілінің осы замандағы орфографиялық талаптарына сәйкес
«
Сары мойын! Ер жетті ғой балалары»
деп түзетілген. 1989 жылғы
жинақ (69-б.) пен түпнұсқадағы (41-б.)
«Жоқтатпай сорлылардың
аналарын»
деген тармақ «Ақ жолда» (39-б.)
«Жоқтатпай
пақырлардың аналарын»
деп өзгертілген екен. Түпнұсқа 2003 жылы
қалпына келтіріліпті, осы жинақ негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: