«Шал мен жұмыскер».
Түпнұсқадағы «
Бәлені сезе ме, адам
тұрған бағып
» деген өлең жолы 1989, 1991 ж.ж. басылымдарда
«Көңілінде болмай ешбір қатер-қауіп»
деп өзгерген. Түпнұсқа 2003
жылы қалпына келтіріпті, осы жинақ бойынша берілді.
«жарлы бай».
«Апар да әмиянды суға таста»
деген өлең
жолындағы «
әмиян
» деген сөзге түпнұсқада
«әмиян
–
ақша салатын
ыдыс»
(47-6) деп, ал «
Шиланды ашайын деп қолына алды»
деген
жолдағы «
шилан
» сөзіне
«шилан да
–
ақша салатын ыдыс
» (48-б.)
деп түсінік берілген. Бұл түсінік 1989 ж. басылымда
«әмиян
–
шилан
»
(72-б.) деп қысқартылса, 1991 ж. жинақта түсіп қалған. Түпнұсқа (49-
б.) мен 1989 ж. жинақта (73-б.) «
Ол үйге жібек көрпе, жастық, кілем
»
деген тармақ 1991 ж. жинақта (42-б.)
«Ол үйге жібек көрпе, жастық
керек
» деп өзгертілген екен. Түпнұсқа (49-б.) мен 1989 ж. жинақтағы
«Аналар, қатын алсам, тойға, деді
» деген жол 1991 ж. жинақта (42-
б.)
«Жұмсармын, қатын алсам, тойға,
–
дейді»
деп өзгеріске түскен.
Бұл өзгертулер 2003 жылғы томда қалпына келтірілген, осы жинақ
негізге алынды.
«Кісі мен аю».
Түпнұсқа (60-б.) мен 1989 ж. жинақтағы (80-б.)
«Ере алмай, кейін артта қала берді
» деген тармақ «Ақ жолда»
«Ере
алмай, Адам артта қала берді»
(46-б.) деп өзгерген. 2003 жылғы
жинақта түпнұсқадағы қалпына келтірілген.
«Екі бөшке».
Түпнұсқадағы
«Құр бөшке салдыры зор, бағасы
кем, Фаһамсыз құр даурықпа адаммен тең»
деген өлең жолдары
1989,1991 жж. жинақтарда
«Ауыр бөшке салдыры зор, бағасы кем,
355
Бағасыз құр даурыққан адаммен тең»
деп өзгеріске түскен.
«Фаһам»
араб сөзі
Достарыңызбен бөлісу: |