«Қазақ салты». Осы өлеңдегі «
Жақынмен ыуылдастық ит - тей үрдік» деген тармақтағы «
ырылдастық » деген сөз «Ақ жолда»
« араздастық » деп өзгертілген. Бұл сөз түпнұсқадағы қалпына 2003
жылы түзетілгендіктен, осы жинақ негізге алынды.
«жиған-терген». Түпнұсқада
«Мақтады ұлық – болды мәз!» де-
ген тармақтағы
« ұлық » деген сөзге А.Байтұрсынұлы
«ұлық – хакім» деген түсінік берген. Түпнұсқада сонымен қатар «
Арендаға алып па» деген тармақтағы «
арендаға » деген сөзге де автор «
жалдауға » деген
сілтеме берген. Ал бұл түсініктер 1989, 1991 жж. жинақтарда негізге
алынбаған.Түпнұсқадағы «
Жан-жақты бұлт торлады» деген тармақ
1989, 1991 жж. жинақтарда
«Көкті бұлт торлады» деп өзгеріске
түскен. Түпнұсқадағы:
«Қазағым, елім, Қайқайып белің» деген тармақ-
тағы
« қайқайып » деген сөз «Ақ жолда» (79-б.)
« қайқиып » деп
өзгерген. Осы келтірілген тармақтың соңына жұлдызша қойылып,
сілтеме түрінде:
«Соңғы 8 жол өлең төңкерістен бұрын шыққан «Масаларда», цензура рұқсат етпегендіктен басылмаған. А.Б.» де-
ген түсінік берілген. Бұл түсінік 1989, 1991 жж. жинақтарға енбей
қалған. Және 1989 ж. жинақта: «1922 жылғы Қазаннан шыққан ба-
сылымында:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш, көзіңді, оянып!
Қанған жоқ па, әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың? –
деп келетін 8 жол өлең қосылыпты» деген түсінік берілген (311-б).
«Ақ жолдың» алғысөзінің авторы да осындай түсінікті өз атынан бер-
ген. Өзгерген тұстар түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетілген.