Ұқсатпалы оралым.
Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі
тақырыпшы мүшесін ұқсата баяндаса, оралым ұқсатпалы деп
аталады. М ы с а л:
1. Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт құрсайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды;
206
Айды бұлт құрсайды;
Айды байқап қарасам,
Түн жауарға ұқсайды;
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды;
Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар суылдап,
Соғылғанға ұқсайды!
Бойды байқап қарасам,
Қол-аяғым созылып,
Аузы-мұрным суынып
Хақтың маған бұйрығы
Таянғанға ұқсайды.
(Ер Тарғын)
2. Қыстың сақырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын,
қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған
шуақта, балбыраған жасыл шөпте жан-жануарлардың бәрі
рақат тауып, жаны қандай жайланады. Сондай-ақ қатал тәртіп,
қатты қол, қанішер өкіметтен қысымшылық көрген халықтар
азаттыққа жетіп, жаны жай тапты.
в)
Қайшы оралым.
Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесі
мен баяншы мүшесіндегі пікір бір-біріне қарсы мағынада бол-
са, қайшы оралым деп аталады. М ы с а л:
1) Мен Қырымның ішінде
Ақша ханның қызы едім.
Атам менен анамның
Асыранды қазы едім.
Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім,
Қырым менен Қытайдан
Тәмам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім.
Бұ заманның шағында
Жылап тұрған көзім бар,
Төгіп тұрған жасым бар,
Әуре болған басым бар.
(Ер Тарғын)
207
Ер отаны болғанда,
Пайғамбар жасы толғанда,
Заманымыз азғанда,
Жігіттің күні озғанда,
Берекетсіз балаға
Оттың басын топ етіп,
Қырға шығар ішінде
Біреуін де жоқ етіп,
Мен алмаймын көбіңді.
(Ер Сайын)
г)
Достарыңызбен бөлісу: |