205
екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал! Мың кісіге бір кісі
олжа салатұғын, олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан.
Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де,
қатын ал; қартайған соң өкінбе, ұлым! Жігіттің хан болатын,
қатынның ханым болатын уақыты сол. Қару жисаң, мылтық жи
жаяу жүрсең – таяғың, қарның ашса – тамағың.
ә)
Мақсатты оралым
.
Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі
тақырыпшы мүшесін мақсаттай баяндаса,
оралым мақсатты
деп аталады. М ы с а л:
Тобыршық атқа зор салды,
Ақ алмасқа қол салды.
Қамшы басты сауырға,
Екпіні ұсап дауылға.
Тобығы меңді торы атпен
Қобыланды
шапты ауылға
Қатуланып қаттанып,
Буырқанып бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан
қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,
Ар жақ пенен бер жаққа
Найзасын ұстап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа
Құдай жолы шалмаққа.
Сөзге
сынық қылды деп,
Батыр кейіп келеді.
Егер шықса алдынан
Бұлаңдаған Кұртқаның
Басын кесіп алмаққа.
б)
Достарыңызбен бөлісу: