Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет14/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

құқық қорғау қызметі
– құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік 
қызметтің ерекше түрі; 
Дәлелдеме
– соның негізінде анықтама органдарының, тергеушінің, соттың заңмен 
көрсетілген тəртіпте қоғамдық қауіпті əрекеттің бар немесе жоқтығын, осы əрекетті 
жасаған тұлғаның кінəлілігін жəне де істі дұрыс шешу үшін маңызға ие өзге де 
жағдайларды анықтайтын кел-келген деректік мəліметтері. 
Дәлелдеу
– дəлелдерді жинау, зерттеу, бағалау жəне қолдану мазмұны болып табылатын 
қылмыстық іс бойынша объективтік шындықты анықтау үрдісі. 
Құжат
– (латынша dokumentum – куəлік, сабак, мысал қызметін атқара алатын кез-келген 
зат), символдар, белгілер жəне т.б. танымдық немесе жасанды тіл элементтері көмегімен 
дерек туралы мəлімет бекітілген заттық объект. 
Қосымша сараптама
– жеткілікті емес нақтылық немесе бірінші реттік сараптама 
қорытындысының толық болмауы жағдайларында белгіленеді. 
Жауап алу
– қылмыстық сот өндірісі пəні болып табылған оқиға, іске қатысы бар 
тұлғалар, қылмысқа оқталу мен жасауға негіз болған себептер мен шарттар туралы 
ақпарат алудан көрініс табатын процессуалдық(тергеу немесе соттық) іс-əрекет. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 8 Барлығы 30
Сарапшы қорытындысы
– (сараптама актісі) – заң жазбаларына сəйкес құрастырылған 
жазбаша құжат. 
Танымдық құбылыс
- салыстырылып отырылған объектілерге тəн жəне тану мақсатында 
қолданылатын жекелеуші құбылыс. 
Тану
– жеке жəне жалпы көріністері бойынша объект сипатын немесе тұлғаны анықтау 
үрдісі. 
Қақтығыстық жағдай –
байланысы жоқ мақсаттар немесе осы мақсаттарға жету 
тəсілдеріне ие субъектілердің сөйлесу жағдайы, қарама-қайшы күрес жағдайы. 
Қозғалыс координациясы
– жазуды зерттеу саласында жазып отырған тұлға 
қозғалысының келісімділігін көрсететін жазу құбылысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет