әдістемелік ұсыныстар (Методические рекомендации) – Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі жүйесі сот сараптамасы мекемелерінің ұйымдастырушылық,
сарапшылық, ғылыми жəне өзге де қызметтері мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарының,
ғылыми
конференциялар
шешімдерінің,
ғылыми-пркатикалық
семинарлардың, əдістемелік кеңестердің, қызметтік мəжілістердің нəтижелерін жүзеге
асыру жөніндегі ұсыныстары.
әңгіме, кеңес (Беседа) – ауызша кеңесу жолымен қажетті мəліметті алу əдісі. əңгіме,
жауап алу тактикасында ұсынылатын кеңінен тараған тактикалық əдіс. Сондай-ақ,
айыпкердің жеке басын анықтауда қолданылатын əдістердің бірі.
баспа формасы (Печатная форма) – полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында
қолданылады. полиграфиялық баспаның əдіс-тəсілдеріне (жоғары, тегіс, терең баспа
түрлеріне) байланысты, баспаның түрлері əр түрлі болады.
белгі (признак) – зат жəне оның өзіндік қасиетімен тығыз байланысты объектінің өзіндегі
бар нақты көрініс. Белгі түрлері əр түрлі болады.
бейнелеу (Описание) – жалпы ғылыми зерттеу тəсілдерінің бірі. Бұл тəсіл арқылы
объектінің белгілері көрсетіліп сипатталады. Б. үстінде бір жағдайда объектінің елеулі де,
елеусіз де, атап айтқанда барлық белгілері сипатталады да, ал екінші жағдайда – зерттеуге
тек маңызы бар белгілер көрсетіледі. Б. жүйеге келтірілген, не жартылай жүйеге
келтірілген əдіс. Кейде объектілер қалай болса, солай, белігіл бір жүйесіз еркін
бейнеленеді. Б. заттарды, құбылыстарды бекіту, сипаттау əдісі ретінде пайдаланады.
бұзу құралдары (Орудие взлома) – қылмыс жасауда қару есебінде қолданылатын
нəрселер, не заттар қарулар əр түрлі негіздер бойынша классификациялық топтарға
бөлінеді: қылмыстың түрі бойынша /адам өлтіру құралы, бұзу құралы, өрт салу құралы/,
белгілі бір функционалдық міндетті атқаруы бойынша /неге арналған/, қылмыс жасауға
арналған, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын /тамақ, азық турауға арналған пышақ/,
өндірісте жəне басқа да салаларда ашық қолданылатын қару-сайман.