автоматтандырылған информациялық іздестіру жүйесі (автоматизированная
информационная поисковая система) – криминалистикада жəне өндіріс тəжірибесінде
компьютерлік технологияны қолдану /енгізу/ мүмкіндігі- тергеу процесіндегі басқару
мəселелерін шешуде төмендегідей əр түрлі жүйе қолданылады:
-
тергеуші топ құрамының есебін, тергеудегі істің қысқаруы мен тоқтау мерзімін
жəне т.б. бақылау /тексеру/ жүйесі;
-
сотталған, хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мəйіттер, қылмыс жасау
əдіс-тəсідері, қылмысты жасауда қолданылатын қару-жарық жəне т.б. қылмыстың ізі
жайында информациялық /ақпараттық/ мəліметтер алу жүйесі;
Құқық қорғау органдары жұмыстарының мүлтіксіз орындалуы үшін А.и.і.ж. белсенді
түрде жетілдіру қажет.
атиптік тергеу жағдайы (Атипичная следственная ситуация) – нақты тергеу жағдайынан
көрініс табады. Атиптік жағдайға – оқиға боған жерден, айналадағы ортадан табылған,
қылмыскерден алынған құралдар мен т.б. қылмыстың типтік емес белгілерінің болуы тəн.
аггравация (лат.aggravatio – отягощение) - өзінде бар аурудың дəреже белгілерін асыра
айту. Қасақана немесе абайсыздан болуы мүмкін.
атиптік атыс қаруы (Атипичное огнестрельное оружие) – белгілі бір ережеден, нормадан
ауытқу. Тапанша, револьвер, мылтық, автомат, винтовка қару түрлерінің функционалды
белгілерін анықтайтын негізгі бөлігі (оқпан, соқпалы-шаппа механизмі, патронник,
магазниннің жəне т.б.) стандартқа сай келмеуі. Тергеу тəжірибесінде – автоқалам,
қолшатыр, консервілік банкі түріндегі жəне т.б. атиптік қару-жарақтар кездеседі.
ассоциация - өтіп кеткен мəн-жайларды еске түсіру жəне сақтау құбылыстарының бірі.
Жауап алу тиімділігі үшін тергеуші міндетті түрде адамның есте сақтау қабілетінің
қалыптасу сипатын анықтап білуі қажет. Кейбір тактикалық əдістер əртүрлі
ассоциациялық байланыстарды /уақыт, кеңестік, контраст бойынша жəне т.б./ пайдалану
негізінде құрылады.