Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет23/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

адамның аяқ киімі іздерінің жолы
(Дорожка следов обуви человека) – адам жүрісі 
іздерінің тізбекті бейнелеуі. Іздер жолы анықталғанда оң жəне сол аяқтың іздерінің 
ұзындығы, қадамның ені, оң жəне сол аяқтың табандарының бұрылыс бұрыштары 
өлшенеді. Іздерінің жолы бойынша қылмыскер жайында бірқатар мəн-жайларды: 
жынысын, жасын, қозғалыс бағытын, функционалды ерекшеліктерін жəне т.б. білуге 
болады.
атыс
(Выстрел) – снаряд немесе оқты белгілі бір қашықтыққа лақтыратын мылтықтың 
үңгісінің ішіндегі зарядтардың жарылысы.
атылу мерзімі
(Давность выстрела) – табылған ату қаруын зерттеумен соңғы атылыс 
болған уақыт аралығы.
атыс қаруының калибрі
(Калибр огнестрельного оружия) – ату қару үңгісінің жəне 
оқтың диаметрі. Үнгісінде кесіндісі бар ату қаруларының калибрлі кесінділерінің қарама-
қарсы беттерінің ара-қашықтығы арқылы анықтайды, ал тегіс ұңғылы ату қаруларында 
ұңғының ішкі диаметрін айтады (А.қ.к. мм-мен, ал АҚШ, Ұлыбританияда дюйм мен 
өлшенеді).
ату аралығы
(Дистанция выстрела) – оқ атылатын қарудың ұңғысының аузынан 
зақымдалған объектіге дейінгі ара қашықтық. Жақын қашықтықтан атқанда 0,01 м дейінгі 
дəлдікпен анықталуы мүмкін, алыстан – 5-10 м-ге дейін.
атыс қаруының ату шоғырлығы
(Кучность боя стрелкового оружия) – баллистикада 
оқтың, батыраның атыс барысында ыдырауының шамасының көрсеткіші. Нақты ату 
қаруларының түрін, жүйесін, моделін анықтау үшін қажет. Оқтың сапасына жəне атыс 
қаруының ұңғысы арнасының конструкциялық ерекшеліктеріне жəне жағдайына 
байланысты.
аз жатыққан жазу
(Маловыработанный почерк) – үйлестірілмеген қимылмен баяу 
шапшаңдықпен, шамалы тұрақсыздықпен сипатталатын қалыптаспаған жазу.
автортану сараптамасы
(Автороведческая экспертиза) – мəтіннің авторын анықтау үшін 
құжаттарды криминалистік зерттеудің түрі. А.с. кезінде зерттеу объектілеріне жазбаша 
сөйлемдер, сондай-ақ ондағы көрінетін тілдік дағдылар жатады. Тілдік дағдылар жалпы 
жəне жеке белгілер болып екіге бөлінеді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 13 Барлығы 
30
арнаулы білім
(Специальные знания) – адамның кəсіби оқудың не белгілі бір мамандық 
бойынша жұмыс істеудің нəтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін 
шешуде пайдаланылатын, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес 
білімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет