материалды бекітілген бейне бойынша идентификациялау (Идентификация по
материально-фиксированному отображению) – криминалистік идентификация түрлерінің
бірі. Із қабылдаушы объектіде қалдырылған із бойыншаөіз түсіруші объектіні
идентификациялау. Атылған оқтағы қалған – ойық, тетік /белгілер/ бойынша тапаншаны
идентификациялау.
масштабты фототүсірілім (Масштабная фотосъемка) – объектілерді олармен бір
жазықтықта орналасқан масштабпен фотосүретке детальды түсіру. Түсірілген фотосурет
бойынша объектілердің өлшнмін анықтауға мүмкіндік береді.
микроіз (Микрослед) – криминалистикада із қалыптастырушы объектінің рельефінің
үзіндісінің кескіні. М. зерттеумен микротрассология айналысады.
микротрассология (Микротрассология) – микробөлшектер мен микроіздерді зерттеудің
əдіс жəне құралдарын оқып білетін трассологияның бөлімі.
микробөлшектер (Микрочастица) – жан көзбен көріп, нысаны мен өлшемін анықтау
мүкін емес, көріп тануға болатын материалдық объект. Белгілі ереже боыйнша оның
өлшемі 2 мм-ден аспауы керек.
механогомия – адамның денесінің, оның киімнің, аяқ киімнің қасиеттерін бейнелеп
көрсететін, іздерді кешенді оқып білетін, трасологияның бөлшегі.
механоскопия – бұзу қаруларының, құрал-саймандар мен механизмдердің іздерін оқып
білетін, трасологияның бір бөлігі.
микрообъектілер (Микрообъекты) – өлшемдері 2 мм-ден аспайтын, жай көзбен көргенде
көрінбейтін немесе нашар көрінетін объектілер. Микроіздер, микробөлшектер жəне
микромөлшерлі заттар болып ажыратылады.
микроскопиялық зерттеу әдісі (микроскопические методы исследования) –
микроскоптың көмегімен микрообъектілерді зерттеу. М.з.ə. сараптық тəжрібиеде
қолданылады.
машинкамен қосып жазу (Допечатка) – бос орындарға – жолдардың, сөздердің, бөлекше
белгілер аралығына жаңа белгілер еңгізу арқылы машинкамен басылған құжатты өзгерту
тəсілі.