Тергеушінің профилактикалық қызметі
– процессуалдық нысанда да, процессуалдық
емес нысанда да жүзеге асырылатын қылмысты ескерту бойынша тергеуші қызметі.
Криминалистикалық тіркеу
– қылмысты тергеу, ескерту жəне ашу үшін қолданылатын
белгілі бір ақпарат тасушы объектілердің криминалистикалық тіркеуінің бірыңғай түрлері
жүйесі.
Тергеулік жағдай
– аталған сəтте қылмыс тергеуі жүзеге асырылып жатқан
жағдайлардың жиынтығы.
Тергеулік әрекет
– дəлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау жəне қолдану бойынша
заңмен көзделген процессуалдық əрекет.
Тергеулік чемодан
– қарау өндірісі кезінде дəлелдемелермен жұмыс жəне өзге тергеу
əрекеттері үшін қажетті техникалық-криминалистикалық жəне өзге де заттар
жиынтығы(приборлар, материалдар, құрал-саймандар, қажеттіліктер).
Қылмыс ізі
– осы айналада қылмыс жасау нəтижесінде пайда болған кез-келген ортаның
өзгеруі.
Қылмыс құрамы
– қылмыстық заңмен қаралған, жасалынған əрекетті(əрекет немесе
əрекетсіздік) қылмыстың нақты түрі деп сипаттайтын құбылыстар жиынтығы; қылмыстық
жауапкершіліктің қажетті негізі.
Қылмыс тәсілі
– элементтері болып қылмысты дайындау, ұйымдастыру мен жасау
табылатын жиынтық ұғым.
Қылмысты жасау тәсілі
– қоршаған орта жағдайлары жəне тұлғаның
психофизиологиялық сипаттарымен үйлестірілген қылмысты дайындау, ұйымдастыру мен
жасау бойынша əрекеттер жүйесі.
Тактикалық комбинация
– тактикалық амалдар мен тергеу жəне нақты тергеулік
жағдаймен біріккен өзге де əрекеттердің нақты бір үйлесімі.
Тактикалық шешім
– тергеу жағдайына толықтай немесе оның құрамдас бөліктеріне,
тергеу үрдісі жүрісіне жəне нəтижесіне, оның элементтері мен нақты əдістеріне, мақсатқа
жету заттары мен амалдарына тактикалық əсер ету нүктесін таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |