мән-мағынасыз, фәни тірліктен арылып,
ешкімге мұқтаж емес
әрі мәңгілік қасиеттерге ие нығмет-несібелердің шынайы егесі
Алла Тағаланың алдында құлшылық жасауға ниет етіп қол
байлап, өзіне нәсіп етілген бүкіл ризық-несібе атаулыға шүкір
етіп Жаратушыға мақтау айтады. Оның ұлылығының алдында
иіліп тағзым етеді, рукуғқа барады. Оның теңдессіз кемелдігі
мен
жамалына таңырқап, әсемдігін дәріптеп сәждеге бас
қояды. Өз сүйіспеншілігі мен таңданысын бесін намазын оқу
арқылы білдірудің қаншалықты ұнамды, қаншалықты орынды,
қаншалықты керекті екенін ұғына алмау, сірә,
адамдыққа
жатпаса керек?!
Екінті уақыты ажары қашқан сүреңсіз күз мезгілін,
қалжыраған
қарттықты,
ақырзаманның
жан
түншіктірер
сәттерін еске түсіреді. Сондай-ақ бір күнгі қауырт жұмыстың
аяқталуға бет алған шағы болғандықтан күні бойғы өзіндегі
сау-саламаттық, жақсы жұмыс істеуі үшін берілген денсаулық,
қажыр-қайрат, күш секілді бір төбе болып жиналып қалған
Жаратушының нәсіп еткен жақсылықтарын еске алар сәт.
Күнбатысты ал қызыл түске бөлеп күннің
бата бастауы да
адамға ой салып, көп нәрсені ұқтыра түседі. Адам өзінің жай
ғана қонақ екенін сезініп, барлық нәрсенің өткінші екеніне
көз жеткізеді. Дәл осы сәт, мәңгілікті аңсайтын о
баста да
сол үшін жаратылған,
жақсылыққа бас иіп, айырылысудан
азап шегетін адамның рухы тазалықты қалап, екінті намазын
оқуға ниет етеді. Алла Тағаланың иләһи құзырына шығып,
ішкі тілеуін тілеп, дұғасын қайтарады.
Алланың шексіз
рақымдылығын пана көріп, есепсіз нәсіп еткен ризық-
несібелері
үшін
шүкіршілік
білдіріп,
мақтау
айтады.
Жаратушының асқақ абыройы мен айбарының алдында асқан
кішіпейілділікпен
басын
иіп
рукуғқа
барады.
Оның
құдайылығын жоғары санап, өзінің құл екенін еске алып тағы
да барынша кішірейіп, қарапайымдылықпен сәждеге бас
қояды. Сәждеге бас қоя отырып,
адамның жаны шексіз
рақатқа бөленеді. Екінті намазы иләһи құзырда берілер әмірге
дайын, өзінің құл екендігін мойындаған адам кейпін
елестетеді. Дәл осы уақытта екінті намазының атқарылуы
қаншалықты
орынды,
қаншалықты
керекті,
қаншалықты
жарасымды екені даусыз. Ол – жаратылыс міндеті. Аз ғана
құлшылықпен үлкен бақытқа қол жеткізудің артықшылығын
өзін адам санаған әркімнің-ақ ұғынары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: