Пайғамбарымыздың өміріне қарасақ, оның өз уақытын өте
тиімді пайдаланғанын көреміз. Өйткені ол барлық істеріне
үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтардың
өзі өмірінің соңына дейін өз уақытында орындалған, әрі еш
үзілмеген. Бұған қоса, ертелі-кеш жасаған дұғалары, мешітте
уағыз айтуы, сахабаларымен кеңесуі, өзіне келушілерге уақыт
бөлуі, өзінің зиярат етіп барған кісілері (науқастар, қабірлер
т.б.), халықпен жүздесуі, ел ішіндегі діни рәсімдерді атқаруы
(балаға ат қою, сүндеттеу, неке қию, жаназа т.б.), барлығы
да оның жоспарына сыйып отырған. Бұл істердің барлығына
уақыт табылған. Бұл нені көрсетеді? Бұл күндік жұмыстарын
қаншалықты жүйелей білгенін, уақытты қаншалықты тиімді
қолданғанын
көрсетеді.
Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
күндізгі
уақыттарды ғана емес, түнгі уақыттарды да мүмкіндігінше
пайдалы өткізуге тырысқан.
239
Үш қағида
Алла Елшісінің уақытты пайдалану тұрғысында қатаң
ұстанған үш қағидасы бар:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүмкіндігіне қарай істерін күндерге
бөле отырып, апталық уақыттарға бөле отырып күндік
жоспар құратын. Барынша сол жоспарға сәйкес әрекет
етуге тырысатын.
Әрбір ісінің өзіне арналған белгілі бір уақыты болатын.
Оған қарама-қайшы әрекет етпейтін.
Уақытты бос өткізу деген нәрсе тіпті ойға да алынбайтын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнделікті және апталық істерін осы
үш қағидаға сүйеніп ретке келтіріп, соған сәйкес әрекет
ететін.
Достарыңызбен бөлісу: