Қажетсіз жүріс-тұрыстарды азайтыңыз. Ағылшындар «тегін
тамақ деген нәрсе жоқ» дейді. Яғни, олардың айтуы
бойынша, ең азы уақытыңызбен болса да, барлығының
құнын төлеуге тура келеді.
232
Бірнеше істі қатар атқаруды үйреніңіз. Мүмкіндік болған
жағдайда және бір-біріне кедергі келтірмейтін болса,
бірнеше істі қатар орындау уақытты үнемдеудің ең тиімді
жолдарының бірі болып табылады.
«Бүгін істер ісіңді ертеңге қалдырма». Ісіңізді соңғы сәтіне
қалдырмаңыз. Істі кейінге қалдыру уақытты ұрлаумен қатар,
ол істі бұрынғысынан да қиындата түседі әрі орындауға
деген құлшынысты өлтіреді.
Дініміздің тәлімі бойынша, ер адам үшін ең маңызды жан –
анасы, әйел адам үшін – күйеуі болу керек. Сондықтан
тұрмыстағы әйел адам өмірлік жарының разылығын алу
жолында аянбай тер төгіп, уақытын арнап, барлық ісіне
үлгеруге тырысуы қажет. Осы тұрғыдан да маңызы зор
болғандықтын, өзіне көңіл бөлуге де уақыт арнағаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: