239
тәрбиеленушінің психологиялық жеке қасиеттері мен мамандық таңдаудағы
басты себептері назардан тыс қалмауы тиіс.
Мамандықты таңдауға кәсіптік көмек беру, іс-әрекеттерге көмектесу –
бұл:
- әрбір тәрбиеленушінің көп санатты қабілетіне;
- отбасындағы мамандық иелеріне, еңбектеріне;
- тәрбиеленушінің білімі, ой-өрісі, еңбекке деген көзқарасына;
- ойлауы, білімі, іскерлігі, дағдысы, дамуына;
- мамандармен кездесу, пікірлесу, танысу және т.б.
байланысты болады.
Тәрбиеленушілердің кәсіби бағдар таңдауына тиімді басшылық жасау
үшін белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп алу қажет:
кәсіп жайлы хабарлануы
(таңдаған мамандығын оқып үйренетін оқу
орындарын, сол кәсіптің мазмұнын, экономикалық аймақтың мамандарға
сұранысын білуі)
;
кәсіп таңдауының қоғамдық маңызды мотиві
(тәрбиеленуші мемлекет
мұқтаждығын ескеріп, мамандық таңдауы)
;
кәсіби қызығушылықтың қалыптасуы;
белгілі бір кәсіпке арнайы қабілеттердің бар болуы
(жаратылыстану,
қоғамдық ғылымдар, өнер, спорт және т.б.)
;
таңдаған
мамандық
бойынша
өмірлік
тәжірибесі
(үйірме,
факультативтік пәндер тобына қатысуы және т.б.)
;
кәсіптік ойындарға қатынасуы;
кәсіптік икемділіктің нақты дәрежесі;
денсаулық
жағдайы
(дәрігерлік
көрсеткішке
сәйкес
кәсіпке
жарамдылығы)
.
Достарыңызбен бөлісу: