Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет180/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Таңдалған кәсіп 
бағытына сәйкес 
жеке білім 
бағдарламаларын 
жасап, жүзеге асыру
 
Әртүрлі кәсіптік 
бағдар беру 
формаларын 
қолданып көру
 
ІІ - деңгей 
ІІІ - деңгей 
Тиімді кәсіптік 
бағдар беру үшін 
әмбебап 
құзыреттілікке
 
ие болу
 
І - деңгей 


234
Бақылау – белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, 
зейін қою – байқаудағы негізгі әрекеттер. 
 
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру жолдары 78-суретте берілді.
Сурет-78. Кәсіби бағдар 
б
еруді жүзеге асыру жолдары 
 
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру жолдары: 

Кәсіби ақпараттандыру – әртүрлі аймақтағы топтарды қазіргі заманғы 
өндіріс түрлерімен, еңбек нарығының жағдайымен, кәсіби нарықтың даму 
перспективалары және мазмұндарымен таныстыру. Оларды меңгерудің 
формалары және шарттары, мамандықтар бойынша адамдар талабы, мамандық 
аясында кәсіби біліктіліктің өсуі және еңбек ету барысында өзін-өзі дамытудың 
мүмкіндіктерімен таныстыру.
 

Кәсіби кеңес – тәрбиеленушілерге психологиялық ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктеріне және қоғам қажеттілігіне сай мамандықты дұрыс таңдауға 
көмек беру.
 

Мамандықты таңдау – мамандықтардың мүмкін бағыттары туралы 
ұсыныстарын тәрбиеленушілерге ұсыну. 
 
Әртүрлі бағытта жұмыс жасауда кәсіптік бағдар жұмысының әдістері мен 
формаларының шеңбері анықталады: кәсіп туралы әңгімелер; кәсіпорындарға 
саяхат; сауалнама жүргізу; тесттер (кәсіптік икемділіктерді диагностикалау 
үшін); тәрбиеленушілердің реферат жазуы; олармен бірге әртүрлі ойындарды 
(дебат, пікірталас және т.б.) өткізу.
 
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің 
алғашқы баспалдағы – жалпы орта білім беретін мектептер.
Жалпы орта білім беретін мектептерде ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар 
және мамандық тандау жұмысын кезеңдерге бөлуге болады (79-сурет).
Кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысының кезеңдері: 
Бірінші кезең
– І-ІV сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар. Бұл кезеңде 
бастауыш сыныптағы тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және қабілетін толық 
білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстары жүргізіледі. 
Негізгі мақсат – бастауыш сыныптағы тәрбиеленушілерді кәсіп пен мамандық 
жөнінде хабардар ету.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет