235
Екінші кезең
– V-VІІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар. Бұл кезең –
жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Тәрбиеленушілер барлық жеке кәсіптер
жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс –
белгілі бір кәсіп пен
мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат – белсенді
насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кеңес беру –
тәрбиеленушілер арасында өте күрделі құбылыс, мамандық таңдаудың алғашқы
баспалдағы.
Үшінші кезең
– VІІІ сыныпта жүргізілетін кәсіптік бағдар. Бұл кезеңде
кәсіп пен мамандықты жан-жақты белсенді насихаттау
және нақтылы кеңес
беру арқылы да тәрбиеленушілердің бұған жауапты түрде қарайтындығы
біршама
орын алады, орталау мектепті бітірген тәрбиеленуші мамандықты
таңдай алатын дәрежеге жетеді. Алайда, жастардың
көзқарасы субъективті
түрде болатындығын естен шығармаған жөн.
Төртінші кезең
– X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар. Бұл
кезеңде тәрбиеленушілер өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол
мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде
тәрбиеленушілер өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай
шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың
қыр-сырына қанығу
кезеңі болады. Бұл – жалпы орта білім беретін мектептің кәсіптік бағдар
жөніндегі қорытынды жұмысы.
Сурет-79. Кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысының
кезеңдері
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін
жұмыстардың
негізгі формасының бірі –
кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: