240
жолдастарының және айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерін терең сезініп,
ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың мақсаты – тәрбиеленушілерді ұжым болып пікір
таластыруға, пікір алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз
беттерінше ойлай білуге үйрету.
Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты – алдын ала дайындық
жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен
мән беріліп, оған
жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын ала жоспар құрылып, оның тақырыбы
айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді.
Кейс-стади тәсілі
немесе
оқытудың нақты жағдаяттар әдісі
ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің
бизнес мектебінде пайда болған. Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес
мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгінде
бұл әдіс арқылы оқытудың
қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б.
салаларда
жемісті қолданылуда.
Қазіргі кезде кейс-стади тәсілі педагогикалық процесте де қолданылады.
Бұл әдіс тәрбиеленушілердің пәнге деген қызығушылығының артуына, білімді
терең меңгеруіне,
ақпаратпен жұмыс істей алуына, әртүрлі жағдайларды
саралап, өз ойларын еркін айтуына мүмкіндік береді. Кейс дегеніміз:
нақты болған жағдайды сипаттау;
шынайы өмірдің бір кезеңі;
өмірдің бір саласында болған оқиға, оның міндеті – тәрбиеленушілер
арасында
пікірталас тудырып, сол жағдаятты талдап, оның шешімін табуға
итермелеу.
81-суретте тәрбиеленушілермен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру
жұмыстарының формасы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: