Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Жоғары деңгейдегі адамгершілікті



Pdf көрінісі
бет194/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Жоғары деңгейдегі адамгершілікті
қарым-қатынастағы отбасылар
Ата-аналардың арасындағы жақсы
қарым-қатынаспен сипатталатын отбасылар
Қарама-қайшылықты отбасылар
Рухани тұрғыда әлсіреген, нағыз адамгершілікті 
құндылықтар сақталмаған, сырттай ғана
сәтті отбасылар
Дөрекілік, жан-жал шығарушылық, жағымсыз
мінез-құлыққа тән сәтсіз отбасылар


250
Осы көрсетілген отбасылардың типтері және олардың ерекшеліктері
ата-аналармен жұмыс істеу барысында ескерілуі тиіс. 
 
Мектеп тәжірибесінде ата-аналармен жұмыс істеудің жаппай, топтық және 
жеке формалары мен әдістері пайдаланылады. Олардың барлығы ата-аналардың 
педагогикалық мәдениетін көтеру, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігін 
нығайту, отбасының тәрбиелеу әлеуетін күшейту, сондай-ақ ата-аналарды бала 
тәрбиесіне тартуға бағытталады. 
Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен 
атқаратын қызметтері
 
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, 
алтын тіреу діңгегі – бала.
 
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа 
еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қоғамды құратын азамат атаулы 
отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
Осыған орай, отбасы төмендегідей белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру:
тек жалғастыру тума 
әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі;

шаруашылық-экономикалық:
ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, 
еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру;

тәрбиелеу
: отбасының әр мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдай 
жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасау; өмірлік 
тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу;

қарым-қатынас құру (коммуникативті): 
отбасы ішіндегі қатынасты түзу, 
отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын 
ұйымдастыру;

қайта қалыпқа келу (рекреативті): 
бос уақыттарындағы демалыс
іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын 
күту шараларын қамтамасыз ету.
Отбасы 
тәрбиелік 
қызметтерінің 
іске 
асуы 
оның 
ұлттық 
ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және қауымдастыққа 
тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты төмендегідей қызметтерді 
атқарады: 
1.
 
Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және 
әдістемесімен таныстыру.
Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы 
мәселеге қатысты өзінің педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты 
және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы, тәсілі және
тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп, оны жүзеге асыру 
жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән 
мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. 
 
2.
 
Ата-аналармен 
педагогикалық 
және 
психологиялық 
ағарту 
жұмыстарын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және 
психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы 


251
мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі 
мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл 
олардың педагогикалық көзқарастарында қателік болмауына сенімдерін 
орнықтырады.
 
3.
 
Ата-аналарды балалармен бірге іс-әрекетке қатыстыру.
Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, бала тұлғасының дамуына ықпал ету 
өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру. Осы іс-әрекеттер 
барысында мұғалім, ата-ана және баланың өзара қарым-қатынасын жақсартуды 
көздейді.
 
Балаларды тәрбиелеу барысында ата-аналармен жұмыс жасауда мектеп 
тәжірибесінде қолданылатын әртүрлі формалар: 

жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру;
 

сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, 
саяхат, кеш, спорттық жарыстар және т.с.с.);
 

балалардың сабақтарына, олимпиада, кеш, апталық, ата-аналардың ашық 
есік күніне және т.б. шақыру;
 

мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу: еңбек адамдарымен 
кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары;
 

өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын 
ұйымдастыру;
 

балалардың аула клубтарын құру;
 

мектеп және сынып кеңестерінің жұмыстарына қатыстыру;
 

мектеп немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға 
қатысу, кітапхана қорын молайту, көрмелер ұйымдастыру;
 

мектеп немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру, оларды 
өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау және т.б.
 
4.
 
Отбасы 
тәрбиесіне 
қатысты 
ата-аналарға 
психологиялық-
педагогикалық кеңес беру
.
Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған 
мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.
 
5.
 
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі 
қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналар комитетін 
құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру және олардың 
жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беріп, қолқабыс көрсетуден басталады. 
 
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық 
жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы: баласы спорттық шараға, 
мәдени жорыққа жауапты болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына 
қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. 
Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып 
жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге, сынып 
жетекшісі бұл бағытта ата-аналармен, жалпы мектеп көлеміндегі қоғамдық 
ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде 
бірлесе жұмыс жүргізеді. 


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет