255
Барысы:
1.
Сынып жетекшісі тәлім-тәрбие сабағының мақсаты және өту барысымен
таныстырады. Ата-ана, пән мұғалімі, балаларды бөлек-бөлек отырғызады.
Әкімшілік мүшелері пікірлерге қорытынды жасап, сарапшы қызметін атқарады.
2.
Сынып жетекшісі: «Кейде
қиялымыз шарлап, болашақ өмірімізді
армандаймыз. Оқушы – менің білім алатын сыныбым, ата-ана – менің
баламның мектебі, пән мұғалімі – менің сабақ беретін сыныбым осындай болса
ғой» – деп, қиялдайтын кездеріміз болады. Әр топ армандаған сыныбы туралы
пікірін ортаға салсын.
3.
Ата-аналарға ойларын жинақтауға 3 минут уақыт беріледі.
Өздері
армандаған сыныбы туралы пікірін алдымен балалар айтады. Содан соң
ата-аналар, пән мұғалімдеріне сөз кезегі беріледі. Әкімшілік мүшелері ортақ
пікірді шығарып отырады.
4.
Сынып жетекшісі: Осы сыныптың баласы қандай болуы керек?
(Мұғалім-бала-ата-ана).
5.
Сынып жетекшісі: Осы армандаған сыныптың ұстазы қандай болуы
керек екенін ойланайық? (Бала-ата-ана-мұғалім).
6.
Сынып жетекшісі: Осы сыныптың ата-анасы ше? (Бала-мұғалім-
ата-ана).
Нәтиже:
сынып жетекшісі сынып өміріндегі іс-әрекетті ұйымдастырғанда
көпшіліктің пікірін пайдаланды. Әр топтың
армандаған сыныбына деген
көзқарасы айқындалды. Армандаған сынып, ата-ана, мұғалімдердің үлгісі
қандай болуы керектігі еске алынды. Осыдан ата-ана, сынып жетекшісі,
баланың міндеті айқындалды.
Мұндай жұмыстардың
мектептің алдына қойған мақсат, міндеттерін
анықтауда үлкен көмегі болды. Олардың көзқарасы үш түрлі болғанымен,
алдарында ортақ мақсат, міндет – бір.
Оған бірлесе ұмтылып, кездескен
мәселені бірге шешеді. Ортақ нәтижеге қол жеткізудегі ынтымақтастық
түсініспестікке жол бермейді. Әр жақ өз міндетін орындап,
шамасы келгенше
бір-біріне көмектеседі, өзара сыйластықта болады. Балалардың білім деңгейі,
тәлім-тәрбиесінің қалыптасуы – сынып жетекшісі, бала,
ата-ана еңбегінің
нәтижесі. Бірлікте жұмыс істегенде ғана іс оң нәтижесін береді.
Мектеп
– жас ұрпақты тәрбиелеуде жетекші орын; тәрбиеге байланысты
барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырушы әрі біріктіруші; балалармен тәрбие
жұмысын ұйымдастырудың, жеке тұлғаның
дамуы және қалыптасуында
әртүрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.
Достарыңызбен бөлісу: