263
Отбасы, мектеп, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және
жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары –
бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын
ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп
тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға
ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне
ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар
бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың
өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал
тәуелділігінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: