Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
Қазіргі кезеңде балалардың қоғамдық бірлестіктерін төмендегідей өлшемдер бойынша реттеуге болады: а)қызметтер типологиясы бойынша: аумақтық қызмет (тәрбиеленушінің
әлеуметтік ортаға бейімделуі мен кіріктірілуі, енуде қамтамасыз етілуі, балалар
ұйымдары мен бірлестіктерінің жиынтығы) және қызметтік мамандануы
(бірлестік, ұйымдар, одақтар, орталықтар, клуб бірлестіктері және т.б.);
ә)іс-әрекеттің бағыттылығы мен мақсаты бойынша: ізгілікті
бағдарлылық, әлеуметтік, саяси және т.б.;
б) мәртебесі бойынша: мемлекеттік, қоғамдық-мемлекеттік, қоғамдық;
в) іс-әрекеттің деңгейі бойынша: тұрақты немесе уақытша;
г) сыртқы орта мен байланыс бойынша: ашық, жабық, көпшілік және т.б.
Мектеп әртүрлі әлеуметтік институттардың балалар тәрбиесіне әсер етпей
қоймайтынын, үнемі өз жұмыстарын ұйымдастыруда ескеруі тиіс. Олардың
ішінде әртүрлі балалардың қоғамдық бірлестіктері ерекше орын алады.
Балалардың қоғамдық бірлестігінің болашақтағы мақсаты – тәрбиеленушілерге
бет бейнесін жоғалтпай, өздерінің күштеріне күш қосатындай мүмкіндіктерді
табу, тәрбиеленушілердің мүдделерін қорғауға көмек көрсету.
Қазіргі кезеңде Бүкілодақтық пионер ұйымының орнына бірыңғай
монополиялық, көпшілік балалар қозғалысының формалары мен құрылымының
жиынтығы пайда болды. Құрамында Ресей Федерациясының және ТМД
елдерінің 65 субъектілері, республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық
балалар құрылымы бар. Балалар ұйымдарының халықаралық федерациясы
құрылды. Мысалы «Юная Россия» балалар ұйымдарының федерациясы
тәрбиеленушілердің әртүрлі деңгейдегі 72 қоғамдық бірлестіктерін (алғашқы
бірлестіктерден одаққа, ассоциацияларға дейін) біріктіреді.
Ресми түрде тіркелгендермен бірге жастардың 30 пайызы ұнататын
формальді емес, стихиялы пайда болған балалар мен жастардың бірлестіктері
жұмыс істейді.