Сурет-90. Субмәдениеттің түрлері Қазір де ең көп таралған топ өкілдері музыкалық-субмәдениет. Жастардың
ең көп бөлігі осы музыкаға әуес, музыка арқылы олар өздерінің мақсаттарын,
ерік-жігерлерін мүлде жоғалтады.
Балалардың бұл мағынасыз бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
отбасындағы түсініспеушіліктер, барлық адамдар сияқты болуды қаламау, өзіне
көңіл аудартқысы келу, мода қуу, батыстық бейнеге еліктеу, өмірлік мақсаты
болмау, эмоционалдық қажеттілік және т.б.
Сондай-ақ, белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол төмендегідей жәйттардан көрініс табады: -
ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға
деген ұмтылыстан;
-
эмоцияға аса берілгіштіктен;
-
жасөспірімдік әсірелеушіліктен;
-
өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен;
-
адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан;
-
жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.
Қазақстан – белгілі ұлттық дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне
жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның
инновациялық әлеуеті болып табылады және білім алу, жаңашылдықты
қабылдау, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да
салаларында жеткілікті белсенді. Сонымен қатар, тәрбие мен құндылықтарды
мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы санадағы
дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінің
қалыптасуын тежеп тұр. Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт,
туыстарына деген махаббат, денсаулық, отбасы секілді құндылықтарға
Индустриалды және спорттық субмәдениет Футбол секілді
спорт түріндегі
ұстанған
көзқарастарына
қарай біріккен
топ
Музыкалық-