271
басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар. Бұл «ерекше адамдар»
белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы
жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет –
жастардың өзiндiк қоғам
құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформальді, яғни қоғамнан бөлек бiрлестiгi,
осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы
қазiр бар әлемде кең таралған. Оған әсiресе жасөспiрiмдер көп қызығады.
Субмәдениет – жас адамдардың
ресми емес қатынастарының, олардың
ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен
құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі
өздерін көрсету
мен дамытудың бір жолы.
Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Бұл
сөздер жасөспiрiмдердiң ұйымдарына да қатысты айтылады. Алғашқы кезде
субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi.
Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок
өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi
ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi.
Басты
өзгешелiктерi киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән
макияж жасауында. Сондай-ақ, ең басты қолданыстағы атрибуттары – анх
символы, адамның бас сүйектерi, жарқанат және пентаграммалар. Олардың
өздерiне тән музыкалық әуендерi де жетерлiк. Дүниежүзiнде готикалық
мәдениеттiң
дамығаны соншалық, жыл сайын 25 мыңға жуық адам
Германияның Лейпциг қаласында «Wave Gotik Treffen-WGT» атты фестивальге
жиналады. Әйткенмен, готтардың субмәдениетiн қоғам жылы қабылдамады,
себебi, олар суицид, депрессия және сатанизмдi насихаттайды.
Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық
(қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек.
Оларға нағыз өмір
туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік
тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен
қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің
әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды.
Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер
тұрғысынан саралап,
дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман
адамдарының қандай көзқараспен тандағандығын назардан тыс қалдырып
жатамыз.
Әрине, жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі
болып табылған. Балалар – заман жаңарған сайын өзіндік өмір сүруге қабілетті,
жеке талғамы мен таңдары бар топ өкілдеріне айнала бастады.
Ендігі кезекте
жылдар жылжыған сайын, жастардың мәдениеті қалыптаса бастады. Ол –
жастар субмәдениеті.
Жастар субмәдениеті – киген киімі, сөйлеу мәнері және айрықша
әуестенулерден көрініс
табатын ересектер әлеміне, қоғамның ережелері мен
құндылықтарына деген өзіндік қарсылық.
Субмәдениетті төмендегідей 4 топқа бөліп қарастыруға болады
(90-сурет).