Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
Инновациялық тәрбиелік технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығын дамыту және нығайту «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Қоғамда
мінез-құлықтың инновациялық, креативті үлгісі үстемдік құруы тиіс.
Инновация – бұл қашанда жергілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен
бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы.
Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің «жарылысы» қажет»
делінген.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді.
Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері
мақсаты мен мазмұнын, мұғалім (сынып жетекшісі) мен оқушының
(тәрбиеленушінің) бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді
білдіреді.
Инновациялық процестерді ендіруде үш өзара байланысты күштер
анықталады:
- енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
- жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
- жаңалықты енгізу жолдарымен.
Педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы
білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің
инновациялық
бағыттылығының
қажеттілігі
бірқатар
жағдайлармен
айқындалады: ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, әдет-ғұрып,
салт-дәстүр, шешендік сөздер және т.б. туған топырағымызда дүниеге келген
ойшыл ғұламалар еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен
бірге, отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті
ата, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім,
280
отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттері, ізгілік сынды т.б. сапалық белгілер
ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі болады. Осындай инновациялық тәрбиелік
технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайтуда
тәрбиелік мәні бар қажетті материалдарды толықтырып, арттыру қажет.