Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-102. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет241/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
Сурет-102. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері 
Педагогикалық 
тәжірибені зерттеу 
әдістері
Құжаттарды 
талдау
Сауалнама 
Талдау
Бақылау
Салыстыру
Өзін-өзі бағалау
Әңгіме 
Диагностика


308
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері:
1. Құжаттарды талдау:
-
тәрбиеленушілер білімінің мониторингі негізінде педагогикалық 
қызметтің нәтижелерін зерттеу; 
-
педагогикалық тәжірибе авторының педагогикалық қызметінде дәстүрлі 
емес әдістерді қолдануы нәтижесін көру мақсатында құжаттарды салыстыру, 
оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, аттестаттау материалдарын 
талдау. 
2. 
Сауалнама өткізу: 
педагогикалық тәжірибенің құндылығын зерттеу. 
3. Талдау:
педагогикалық тәжірибенің жалпы қасиеттері, белгілері және 
олардың өзара байланысының құраушы бөліктерін бөліп шығару. 
4. Бақылау:
оқу-тәрбие процесі мен құбылыстары туралы мағлұматтар 
жинау. 
5. 
Салыстыру: 
берілген қатардағы объектілердің әрқайсысының 
қасиеттерін өзара сапалық салыстыру арқылы зерттеу жұмысын жүргізу. 
6. Өзін-өзі бағалау: 
жеке тұлғаның өз мүмкіндіктері, қасиеттері, кәсіптік 
шеберліктерін басқалармен салыстырмалы бағалай білу. 
7. Әңгіме.
8. Диагностика:
зерттелетін объектілердің жағдайларын бағалау. 
Сынып жетекшілер оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған 
бір 
мәселені 
шешу 
үшін 
әдіс-тәсілдерді 
таңдап 
алып, 
олардың 
тәрбиеленушілерге ықпалын сабақ, тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын бақылау 
Тәрбиедегі басты бағыт – әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,
өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне 
байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен 
өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге 
даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің
ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек. Ал бұл кәсіби шеберлікпен 
ұйымдастырылатын мектептің тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептің 
сыныптан тыс тәрбие жүйесі сол мектептің өзіндік ерекшелігі негізінде 
жасалған тәрбие тұжырымдамасы бойынша айқындалады. Жеке тұлғаның 
қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны мәлім. Оның жүзеге асуы тек 
сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс-
әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс 
болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік 
қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын, сынып жетекшілердің
басшылығымен ұйымдастырылған, сабақтың мақсатымен өзара байланысты 
болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие
іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете 
алады. 
Біріншіден, 
оқудан тыс әртарапты іс-әрекет тәрбиеленушінің сабақта 
мүмкін болмайтын жан-жақты 
дара қабілетін ашуға ықпал етеді
.


309
Екіншіден, 
сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу 
тәрбиеленушінің жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді

оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті 
практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, 
сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы тәрбиеленушіде
іс-әрекеттің әр түріне қатысты қызығушылығының дамуы, оған 
белсенді 
қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді
. Егер де 
тәрбиеленушіде еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір 
практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы 
нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, 
сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана 
тәрбиеленушінің өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге 
ұжымда өмір сүруге үйретеді
. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық 
пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, 
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Бесіншіден, 
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде 
уақытқа қатысты 
қатаң шектеу болмайды
. Сынып жетекшісі оның формалары 
мен әдістерін, құралдары мен мазмұны және бағытын тандауда ерікті болады. 
Бұл бір жағдайда, оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге 
мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.
Алтыншыдан, 
сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне 
күнделікті 
бақылау мүмкіндігінің болмауы
. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен 
тәрбиеленушілердің жеке-дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. 
Соған сәйкес форма немесе әдістің нәтижесін анықтау қиындық туғызады.
Жетіншіден, 
сыныптан тыс тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердің
мүмкіндіктеріне сай қолдары 
бос уақытта
(үзілісте, сабақтан кейін, мейрам 
немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарда) 
ұйымдастырылады.
Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері 
қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері тұтас 
педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелік 
және дамытушылық. Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие 
бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және 
дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның 
мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, сынып жетекшісі қонаққа барған 
жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттігі туралы 
тәрбиеленушілермен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның 
мақсатына тәрбиеленушінің мінез-құлық ережесі туралы білімдерді кеңейтуді 
белгілейді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам 
баласы өмірінің әртүрлі саласындағы, өзіндік тәжірибесіндегі: ғылым, өнер, 
әдебиет, техника, өзара қарым-қатынас, моральдық бейнесінде бастан кешірген 
және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды.


310
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктері: 
1) сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны тәрбиеленушінің сезіміне, 
әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл-ойына әсер етуді 
көздейді); 
2) тәрбиеленушінің практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі 
іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;
3) жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын 
атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
4) коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре 
білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару және т.с.с.);
5) этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Сыныптан 
тыс 
жұмыстардың 
ерекшелігін 
анықтауда 
Н.К.Крупская 
еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда түзетуді 
қажет ететін тәрбиенің жалпы принциптері басшылыққа алынады.
Бұл принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асырыла 
отырып, 
сыныптан тыс жұмыстардың
төмендегідей 
ерекше белгілерін
сипаттайды:
- сыныптан тыс жұмыстарға тәрбиеленушілердің жаппай және ерікті 
қатысуы;
- әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай 
тәрбиеленушілердің саралануы;
- практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін қоюы;
- қатынас пен қатысу саласының әртүрлілігі;
- уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылымы. 
4-5 қосымшада жеке тұлғаның креативтілік қабілетін қалыптастырудағы 
инновациялық тәрбиелік іс-шаралардың үлгі-жоспары берілді. 
Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбиеленушілерге 
ұлттық тәрбие беруде 
төмендегідей (ұстанымдар) принциптер
басшылыққа алынады (103-сурет): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет