35
Тәрбие тағылымы
Ұлыдан ұлағат
Ілім үйреніп,
одан соң оны
басқаларға үйретпеу – мол дүние
жиып, оның керегіне жаратпай, көміп
қойғанмен бірдей
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар
Сыпайылық
–
даналықтың
белгісі
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар
Антон Семенович Макаренко
(1888-1939)
Білгенге маржан
Адамды тәрбиелеу – демек, оны
ертеңгі
қуанышқа ие болатын келешек
жолын тәрбиелеу
Сіз
ұлыңызды
немесе
қызыңызды тек өзіңізді ата-аналық
қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп
жатқан жоқсыз.
Сіздің отбасыңызда
және сіздің басшылығыңызда болашақ
азамат, болашақ қайраткер және
болашақ күрескер өсіп келеді
2-тақырып. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
«Тәрбиелік жүйе» ұғымы
Жүйе – өзара
қатынастар мен байланыстарды, белгілі бір тұтастықты
бірлікте құрайтын элементтер жиынтығы. М.М.Поташник: «Жүйе» ұғымына –
ортақ сипатқа өз үлесін қосатын, өзара байланысты бөліктерден құрылған
тұтастық жатады. Шынында, мектеп – тұтас жүйе,
жеке құрамдарына ата-ана,
тәрбиеші, тәрбиеленуші ұжымын қарастыруға болады» – деп, жүйені тұтастық
ретінде көрсетеді.
Тәрбиелік жүйе – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік,
экономикалық және т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.
Тәрбие
жүйесі – адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет процесінде тәрбиелеу
кешені, тәрбие жұмысымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын
қатынастарды игеріп, басқарылатын іс-әрекет. Тәрбие заңы (қоғамдағы
құбылыс ретінде) жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік
тәжірибесін берудің
міндеттілігі мен қажеттілігі болып табылады.
36
Тәрбие жүйесі – кешен, бұл мақсатты орындаушы субъектілер;
қатысушылар арасындағы пайда болатын және оларды біріктіретін қатынастар;
тәрбие жүйесінің компоненттерінің бірлігін және бұл жүйенің дамуын
қамтамасыз ететін ортаны және басқаруды тәрбие субъектілерінің меңгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: