Сурет-16. Сыныптың тәрбиелік жүйесін айқындайтын компоненттер Тәрбие жүйесінің нәтижелілігін анықтайтын көрсеткіш өлшемдері: -
тәрбиеленушілердің тәрбиелік дәреже көрсеткіштері;
-
сыныптағы тәрбиеленушінің өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;
-
сыныптың тіршілік әрекетімен тәрбиеші мен ата-анасының қанағаттануы;
-
сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;
-
сыныптың абырой беделі;
-
сынып ұжымының жеке-даралық қасиеттерінің көрініс табуы.
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы Мектептің басты міндеті – тәрбиеленушілерді халық, ұлттар мен ұлыстар
арасында өзара сыйластық пен құрметтеушіліктің, қоғамды ізгілікті,
адамгершілікті тұрғыдан жаңарту рухында, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін іс жүзіне асыруға қабілетті, өзін-өзі нарықтық заман
сұраныстарына сай іскерлікке баули алатын, адамгершілік қадір-қасиеттері
биік, креативті шығармашыл азамат ретінде қалыптастыру болып табылады.
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысының негізгі
қызметтері: кіріктіруші, реттеуші, дамытушы.
Мектептегі тәрбиелік жүйенің
кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ,
стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп
біріктіруге қол жеткізеді.
Реттеуші қызметі педагогикалық процестерді
реттеуге, оларды басқаруға бағытталады.
Дамытушы қызметі бір шетінен
оның қызмет етуін оңтайландырудағы, екінші жағында дамуында,
жаңаруында, жетілдіруіндегі жүйе динамикасын қамтамасыз етеді.
Мектепте
ұйымдастырылатын
іс-шаралардың
мақсаты
–
тәрбиеленушілердің дүниетанымын дамытып, тұлғалық мінез-құлық тәртібін,
Сыныптың тәрбиелік жүйесін айқындайтын компоненттер