Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап  Қатысушы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін  қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.  37-бап



Pdf көрінісі
бет262/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

36-бап 
Қатысушы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін 
қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды. 
37-бап 
Қатысушы мемлекеттер: 
а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай 
адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе 
жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, 
түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да 
тағайындалмауын қамтамасыз етеді; 
ә) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап 
етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде 
адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас 
бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда, 
ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана 
ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз 
отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын 
қамтамасыз етеді; 
в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және 
басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, 
тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу 
заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу 
әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету 
құқығын қамтамасыз етеді; 
38-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын 
балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, 
олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. 
2.
Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс 
қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген 
шаралардың бәрін қабылдайды. 
3.
Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің 
қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, 
бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы 
мемлекеттер олардың ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады. 
Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау 
көрсетуге байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз 
міндеттемелеріне орай, қарулы қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау 


340
мақсатында оларға қамқорлық пен күтім көрсетудің барлық қажетті шараларын 
қабылдайды. 
39-бап 
Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен 
қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа 
жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ 
қарулы қықтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын 
сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті 
шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың 
денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір-қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда 
жүзеге асырылуға тиіс. 
40-бап 
1.
Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды 
бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, 
оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, 
жеке басының қадір-қасиеттілігі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа 
адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті 
арттыратын қатынасқа құқыға бар екендігін мойындайды. 
2.
Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға 
ала отырып, қатысушы мемлекеттер, ішінара: 
а) жасаған іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің негізінде, егер оларға қылмыс 
жасалған кезде ұлттық немесе халықаралық құқық бойынша тыйым салынбаған 
болса, онда ешбір баланың қылмыстық заңды бұзды деп саналмауын, заңды 
бұзғанына кінәлі деп айыпталмауын немесе танылмауын қамтамасыз етеді; 
ә) қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе заңды бұзғанына кінәлі 
деп айыпталған әрбір балаға кем дегенде төмендегідей кепілдіктер берілуін 
қамтамасыз етеді: 
І) кінәсі заң бойынша дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясы; 
ІІ) оған қарсы тағылған айып жөнінде жедел түрде және тікелей өзі немесе 
қажет болған жағдайда ата-аналары не болмаса заңды қамқоршылары арқылы 
хабардар болуына және өзін қорғау жұмыстарына дайындық жүргізіп, оларды
жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да қажет көмекке ие болуы; 
ІІІ) қаралып жатқан мәселе бойынша құзыретті, тәуелсіз және әділ орган 
немесе сот органы, заңға сәйкес қорғаушының немесе басқа тиісті адамның, 
егер бұл баланың жағдайы немесе жас мөлшері ескеріліп, баланың қажетті 
мүддесімен қарама-қайшы келмейтін болса, ата-анасы немесе заңды 
қамқоршыларының қатысуымен өткен тыңдау кезінде кідіртпей шешім 
қабылдауы; 
ІV) куәгерлік жауаптар беруге немесе өзін-өзі кінәлі деп мойындауға 
мәжбүр етілмеу бостандығын; айыптаушы куәгердің берген жауаптарымен 
жеке өзі немесе басқа адамдардың көмегімен зерделеуі, қорғау куәгерлерінің 
тең дәрежеде қатысуы қамтамасыз етіліп, олар берген жауапты зерделеуі; 


341
V) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай 
қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша 
бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта 
қарауы; 
VІ) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе 
немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы; 
VІІ) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының 
өміріне құрметпен қарау. 
3.
Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе 
қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға 
тікелей қатысы бар заңдар мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен 
мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде: 
а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп 
саналатын жас мөлшері белгіленуі; 
ә) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі 
соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді 
шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша 
шаралар қолданылуы. 
4.
Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын,
әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз
етуде әртүрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен 
қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру 
қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының 
оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді. 
41-бап 
Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор 
үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар: 
а) қатысушы мемлекеттердің заңының, немесе 
ә) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық 
нормаларының құрамында бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет