Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына



Pdf көрінісі
бет271/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

10-бап. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына,
қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы 
1.
Әрбір 
баланың 
өмір 
сүруге, 
жеке 
басының бостандығына,
қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар. 
2.
Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, 
оны тәнін және (немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін 
қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас 
сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат 
әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан 
Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына 
қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. 
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, 
қоғамдық өмірге араласуға құқығы 
1.
Әрбір баланың сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан 
бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат 
алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да 
коммерциялық 
емес 
ұйымдардың 
нысандарына 
және 
Қазақстан 
Республикасының заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға өз еркімен 
қатысуға құқығы бар. 
2.
Мемлекеттік органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың 
шығармашылық бейімділігін, әлеуметтік белсенділігін, ғылыми, техникалық 
және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншігін 
қорғауды, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи 
ортаны, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауды өзіне мақсат тұтатын, 
қайырымдылық істеріне қатысатын, мәдени және спорттық өмірге қатысуға 
тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседі. 
12-бап. Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы 
1.
Әрбір баланың дене бітімінің, психикасы мен жан дүниесінің толымды 
дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайы болуға құқығы бар. 
2.
Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық 
шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет