Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Баланың мүліктік құқықтары



Pdf көрінісі
бет272/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

13-бап. Баланың мүліктік құқықтары 
1.
Әрбір баланың заңмен белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз
ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен қаражат алуға құқығы бар. 
Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер ретіндегі 
тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне 


353
келіп түседі және олар баланы күтіп-бағуға, оған білім беруге және оны 
тәрбиелеуге жұмсалады 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (5-бөлім).
2.
Әрбір баланың заңдарда белгіленген тәртіппен өз бетінше немесе өзінің 
заңды өкілдері арқылы мәмілелер жасауға, банктерде салымы болуға және 
жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне және интеллектуалдық 
меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды 
иемденіп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар
(РҚАО-ның 
ескертуі: қараңыз 22-25-баптар).
3. Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе 
материалдық көмек ретінде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың 
атына банкке салуға құқылы. 
4. Әрбір баланың өзі тапқан табысқа, өзі сыйға немесе мұра ретінде алған 
мүлікке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген 
мүлікке меншік құқығы бар. 
5. Өз еңбегімен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бірге тұратын 
болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлісуге қатысуға құқылы. 
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы 
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады. 
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы 
1.
Әрбір баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес 
тұрғын үйге құқығы бар. 
2.
Жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, 
емдеу және басқа да мекемелердегі баланың тұрғын үй-жайға меншік құқығын 
немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған 
жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес 
тұрғын үй-жай алуға құқығы бар 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (9-10 
тараулар).
3.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның ішінде жетім 
балаларды оларға басқа үй-жай берілмейінше, олар тұрып жатқан тұрғын үйден 
шығаруға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет