Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы



Pdf көрінісі
бет274/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы 
1.
Мемлекеттік көмек оны алуға құұқығы бар әрбір балаға тағайындалады. 
Мемлекеттік көмектің мөлшері және оны көрсетудің шарты мен тәртібі 
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 
2.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде жетім 
балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттік 
қамсыздандырылуда болады. 
3.
Мемлекеттік органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір 
балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бірдей 
материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етеді. 
18-бап. Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу 
1.
Балалардың мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік ең 
төменгі әлеуметтік стандарттар негізінде жүзеге асырылады. 
2.
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қызмет 
көрсетулер бойынша белгіленген ең төменгі көлемде мыналарды: 
1)
мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кепілдік берілген, жалпыға 
бірдей қолжетімді тегін жалпы орта және бастапқы кәсіптік білім мен 
конкурстық негізде тегін орта және жоғары кәсіптік білім беруді; 


355
2)
балаларға 
тегін 
медициналық 
қызмет 
көрсетуді, 
оларды 
тамақтандырудың ең төменгі нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз 
етуді; 
3)
он бес жасқа толған балалардың кәсіби бағдарлау, қызмет саласын 
таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегінің қорғалу, еңбегіне ақы төлену құқығын 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кепілді 
қамтамасыз етуді; 
4)
балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, оларды әлеуметтік қорғау, соның 
ішінде туылуы мен тәрбиеленуіне байланысты, балалары бар азаматтарға 
мемлекеттік жәрдемақы төлеу жолымен кепілді материалдық қолдауды 
қамтамасыз ету, сондай-ақ өмірлік қиын ахуалға тап болған балаларды 
әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды; 
5)
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге 
құқығын қамтамасыз етуді; 
6)
балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның 
ішінде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сондай деп 
танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды; 
7)
білікті заң көмегін көрсетуді қамтиды; 
3.
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар олардың өмір сүру 
жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескеріле отырып айқындалады. 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті мемлекеттік 
басқарудың органдары қосымша әлеуметтік стандарттар белгілей алады. 
4.
Тиісті білім беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, 
денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де 
мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздеріне ұсынылған қызмет 
көрсетулердің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарға сәйкестігін 
мезгіл-мезгіл бағалап отыруға құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет