Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет280/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ 
 
34-бап. Ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу 
1.
Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен, 
рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетістіктерімен танысуына 
мүмкіндік жасайды. 
2.
Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабілетін дамыту 
үшін ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио 
хабарларын шығаруды көтермелейді. Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен оларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 
3.
Порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін, 
адамның қадір-қасиетін қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық 
бұзушылыққа ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиетті,
ойын-сауық және басқа іс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады. 
35-бап. Бала және дін 
1.
Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы 
адамдардың діни дүниетанымына негізделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, 
тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердің шегінен 
тыс жерлерде баланың қатысуымен діни жоралардың жасалуына, аталған 
әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқығын 
бұзатын және жауапкершілігін шектейтін жағдайларды қоспағанда, кепілдік 
береді. 
2.
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар
ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады. 
Балаларды дінге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. 
36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау 
1.
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның 
денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін 
әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға 
міндетті. 
2.
Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді 
мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды. 


361
3.
Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің 
салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына 
келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет