362
Баланы жезөкшелікпен
айналысуға тартқандарға, балаға порнографиялық
материалдарды немесе заттарды, баспа басылымдарын,
кино немесе
бейнематериалдарды, порнографиялық сипаттағы және эротикалық мазмұндағы
өзгеде нәрселерді таратқандарға, жарнамалағандарға немесе сатқандарға
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауаптылық
белгіленеді
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз 132-бап).
41-бап
.
Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
Баланы
соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың
әскерилендірілген құрамаларын құруға тыйым салынады.
8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН
ҚОРҒАЛАТЫН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық
міндеттемелерге сәйкес,
орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне
қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің,
олармен сауда
жасаудың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне
қайтару жөнінде шаралар қолданады.
43-бап. Баланың заңды өкілдері
1.
Баланың заңды өкілдері барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда,
оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы
өкілеттіксіз баланың (немесе баланы асырап алуы)
туралы куәлігі,
ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлігі негізінде
балаларға өкілдік етуді және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.
2.
Қазақстан Республикасының заңдарында
кәмелетке толмағандардың
дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға
түсу және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы көздеген жағдайларды
қоспағанда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін олардың заңды өкілдері
қорғайды.
3.
Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы,
халықты әлеуметтік қорғау
ұйымдарындағы балаларға өкілдік ету мен олардың мүдделерін қорғауды осы
ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
4.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау уақытша,
баланы
отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге
асырушы ұйымға орналастырғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық
органына жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: