Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының



Pdf көрінісі
бет281/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 37-бап. Баланы алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының 
зиянды әсерінен қорғау 
1.
Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, 
сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған білім беру функциясын жүзеге асыратын 
ұйымдар салауатты өмір салтын және алкогольді өнімдер мен темекі 
бұйымдарының зиянды екенін насихаттауға міндетті. 
2.
Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға 
тыйым салынады. 
3.
Алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарын өндіруде немесе сатуда 
бала еңбегін пайдалануға тыйым салынады. 
4.
Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет 
мекемелерінде, сондай-ақ балаларға арналған іс-шараларды жүргізу кезінде 
шылым шегуге, темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады. 
5.
Балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес 
жүз метр радиустегі аумақта алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. 
38-бап. Баланы есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы 
заттардан қорғау 
1.
Бала есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттарды 
қолданудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де жолдармен таратудан 
қорғауға тиіс. 
2.
Баланы есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға тартқаны үшін 
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылық 
шаралары қолданылады 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (132-бап).
39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары 
1.
Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті 
өршітуге бағытталған, тектік-топтық ерекшелікті, соғысты насихаттайтын
конституциялық 
құрылысты 
күштеп 
өзгертуге 
және 
Қазақстан 
Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулері, 
порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына 
өзгеше зиян келтіретін ойыншықтарды, кинофильмдерді, дыбыс және 
бейнежазбаларды көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді және прокатқа 
беруді жүзеге асыруға, әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды және басқа 
бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады. 
2.
Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердің жасалғаны үшін 
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылық 
шаралары қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет