364
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге
асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық
дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың
адамдық
қадір-қасиетін менсінбей, қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе
қанау болмауға тиіс.
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы
заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1.
Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының
бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес
жауапты болады.
2.
Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтару ата-ананың (олардың
орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу
міндеттерін
тиісінше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлімшесіндегі)
немесе балаларды емдеу мекемесіндегі баласынан бас тартуы,
балаларды
қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездікпен қарауы,
оларды қанауы
ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы
адамдардан шектеуге әкеп соғады.
Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу,
сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
3.
Ата-ана
(олардың
орнындағы
адамдар)
балаларға
арналған
жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді
мақсатсыз пайдаланған жағдайда,
егер бұл баланың мүдделеріне елеулі нұқсан келтірсе, әлеуметтік қорғау
органдары, қорғаншы
және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар немесе прокурор бала мүдделеріне
орай оған негізсіз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы
өндірілген қаражат баланың жеке шотына аударылады.
4.
Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан
айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөніндегі міндеттерден
босатылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: