366
3-қосымша
ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУҒА
АРНАЛҒАН ТЕСТ
(В.И. Андреев бойынша)
Тесте тұлғалық қасиеттерді өзіндік бағалауға немесе тұлғаның
шығармашылық әлеуетінің деңгейін сипаттайтын ол
қасиеттердің байқалу
жиілігін бағалауға 10 баллдық шкала пайдаланылады. Бірақ та барлық
бағалаудың салыстырмалы екенін естен шығармау керек. Өзіңізді бағалау
кезінде сәйкес қасиеттің ең жоғарғы (10-шы) және ең төменгі (1-ші)
деңгейін
ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз де, 10 баллдық шкаладан өз орныңызды
табыңыз.
1.
Басталған істі ақырына дейін жеткізуіңіз қаншалықты жиі байқалады?
2.
Егер барлық адамдарды
логиктер мен эвриктерге, яғни идея
тудырушылар деп 2 топқа бөлсеңіз, онда сіз қаншалықты идея тудырушысыз?
3.
Сіз өзіңізді қаншалықты шешімшіл адаммын деп ойлайсыз?
4.
Сіз жасаған туындының соңғы нәтижесі бастапқы ойлағаныңыздан
қаншалықты дәрежеде бөлек болып шығады?
5.
Сіз өзіңізге уәде берген адамның уәдесін
орындауын талап етуде
қаншалықты дәрежеде табандылық пен талапшылық танытасыз?
6.
Сізге біреудің атына қаншалықты жиі сын айтуға тура келеді?
7.
Сіздің алдыңызда тұрған мәселені шешу жеке күш-қуатыңызбен
табандылығыңызға байланысты болуы қаншалықты жиі болады?
8.
Ұжымыңызда көбіне сіздің идеяңызды, ұсынысыңызды,
қанша пайыз
адамдар қолдайды?
9.
Сізде оптистимистік, көңілді көңіл-күй қаншалықты жиі болады?
10.
Сізге соңғы жылдарда шешуге тура келген мәселелердің барлығын
теориялық және практикалық деп бөлсек,
олардың ішінде практикалық
мәселенің үлесі қаншалықты?
11.
Сізге өзіңіздің ұстанымдарыңыз бен сенімдеріңізді жиі қорғауға тура
келе ме?
12.
Сіз
үшін маңызды мәселелерді шешуге өзіңіздің ашықтық,
араласқыштық қасиеттеріңіз қаншалықты дәрежеде ықпал етеді?
13.
Неғұрлым күрделі немесе жауапты істерді шешуде басты рөлді өзіңізге
алу қаншалықты жиі болады?
14.
Өз идеяларыңыз бен жобаларыңызды өмірге енгізуіңіз қаншалықты жиі
болып тұрады?
15.
Сізді
тапқырлық
немесе
кәсіпкерлік
көрсету
арқылы
қарсыластарыңызды немесе әріптеріңізді қандай да
бір істе артқа тастап кету
қаншалықты жиі болып тұрады?
16.
Таныстарыңыз бен жақындарыңыздың арасында сізді тәрбиелі және
зиялы адам деп есептеушілер қаншалықты?
Достарыңызбен бөлісу: