Аристотель). «Өмір заңы». Ұлы данышпан К.Маркс:
«Өмір дегеніміз – күрес» – десе,
ақиық ақын М.Мақатаев: «Өмір – өзен» – деді. Ал өмірден ерте кеткен жас
ақын А.Жолдыбаев: «Өмір – арман» деген болатын. Қайсысы дұрыс айтады?
Әрине, үшеуінікі де дұрыс. Өмір біреу үшін – күрес, келесі біреу үшін – өзен,
ал үшінші біреу үшін – арман.
«Табиғат бізбен үш тілде сөйлеседі: ол қолымыздан алып: «Күрес, ұмтыл!»
– дейді. Ол әрқайсымызға өз жүрегінің дүрсілі естілетіндей жақындап келіп:
«Таңырқа, қастерле! – дейді. Ол бізге сыбырлап қана: «Ізде, зертте!» – дейді.
Ғажабы сол, біз мұны түсінеміз! Табиғаттың осы үш дауысы біздің тірлігіміздің
үш бірлігіне – денемізге, жүрегіміз бен ақылымызға арналған» (
Дж.Томпсон). «Өмір – күрес» заңы . Өмір дегеніміз – күрес. Ол жеңістер мен
жемістерден тұрады.
Әлемді өзгерту заңы: Әлемді өзгерту үшін – өзіңді өзгертуің қажет.
Бір пенде әлемді өзгерткісі келді. Бірақ әлем үлкен, өзі кішкентай әрі біреу
ғана болды. Сөйтіп ол өзі тұрып жатқан қаланы өзгерткісі келді. Қала да үлкен,
ал өзі кішкентай. Ол да үлкен болып шықты. Сонда пенде төмендегідей ойға
келді: кішкентай адам әлемді өзгерту үшін ол тек қана өзін өзгерту қажет.
Занның құдыреттілігі. Кеңестер Одағының Батыры, даңқты қолбасшы
Б.Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» десе,
американдықтар «Заңға адал бол! Заңға деген адалдық Отанға және өз халқына
деген адалдықтан жоғарырақ» дейді және бұл сөз АҚШ Конгресі ғимаратының
алдындағы кірер есіктің жоғары жағында үлкен әріптермен жазулы тұр.
Өзін-өзі сақтау заңы. «Өзің-өзі сақтау – өмірдің бірінші заңы. Сондықтан
бай да, кедей де өз өмірі үшін, өз денсаулығы үшін күрес жүргізеді
» (Поль