Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет39/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
 
 
Ұлттық
мейрамдар 
Ата-аналар 
университеті 
Ата-аналар 
конференциясы 
Ата-аналар
алқасы 
Шығармашылық 
кештер 
Дөңгелек үстел, 
пікірталас, 
кездесулер 
«Парасат»
интеллектуалдық 
мектебі 
«Ұлағат» 
о
й
-сана мектебі 
«Шапағат»
интеллектуалдық 
мектебі 

«Мұрагер» тарихи-
этнографиялық 
клубы

«Ер есімі – ел 
есінде» қызыл 
ізшілер клубы

«Жерұйық» 
экологиялық клубы 

«Отан үшін отқа түс 
– күймейсің» 
сарбаздармен 
кездесу 

ХХІ ғасырдың 
көшбасшысы 

«Қазақстан – елім 
менің» патриоттық 
әндер байқауы 

«Қазақстанның 
тұңғыш Президенті» 
байқауы 

«Сөз зергері» жас 
тілшілер үйірмесі

«Жақсыдан 
шарапат» 
ғажайыптар әлеміне 
саяхат 

«Жүзден жүйрік» 
сайысы 

«Сиқырлы қазан» 
ойыны 

«Алтын қақпа» 
ойыны 

«Миллион кімге 
бұйырады?» 
тапқырлар сайысы 

«Мамандығым – 
мақтанышым!»
дөңгелек үстел

«Ұлыдан – ұлағат, 
кішіден – ілтипат» 
шежіре клубы 

«1001 мақал» сөз 
сайысы 

«Жұлдызды сағат» 
ойыны 

«Бақытты сәт» 
ойыны 

«Білгенге маржан» 
интеллектуалдық 
олимпиада 

«Епті – күшті –
жүйрік» спорттық 
эстафеталық ойыны

«Тек қана алға!» 
намыс дода – 
патриоттық, 
спорттық ойыны 


52
Қоғам өмірі өркениетті болған сайын, өз азаматтары алдына маңызды да 
келелі проблемаларды шешу міндеттерін қояды. Өйткені, қоғамның даму 
жетістіктері 
әрбір 
жеке 
тұлғаның 
бойындағы 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерінің сапасына, оның жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру және 
оны қоғам игілігі үшін пайдалану қабілеттілігіне тікелей байланысты. 
Адамгершілік тәрбиенің құрамдас бөлігі екені Л.Ә.Байсерке, А.Н.Ілиясова, 
А.А.Бейсенбаева, Х.Қ.Жанпейісова, А.Ким, А.Н.Көшербаева, Р.К.Төлеубекова 
және т.б. еңбектерінде зерттелген. 
Тәрбие берудің этникалық және ұлттық негіздері А.Бейсембаева, 
Г.Н.Волков, С.Ғаббасов, Р.А.Джанабаева, С.Ешімханов, Ә.Жұмаханов, 
Э.Измайлов, Ж.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, А.Қ.Құсайынов, Ж.Наурызбаев, 
Ш.Таубаева, С.А.Ұзақбаева және т.б. зерттеу еңбектерінде жүйеленіп берілген. 
Егеменді еліміздің ертеңі өткен тарихымызбен сабақтасып келеді. 
Халқымыздың санғасырлық тарихында балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге 
ұқсай бермейтін ерекше талаптары қалыптасты. Бала тәрбиесіне қатысты
кейінгі жылдары пайда болған «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы» (Қ.Жарықбаев, 
С.Қалиев), «Қазақ халқының салт-дәстүрі» (М.Оразаев, М.Сымайылова), «Елім-
ай» музыкалық-этнопедагогикалық бағдарламасы (А.Қалтабаев), «Атамекен» 
ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасы (М.Құрсабаев) өз 
нәтижелерін беруде. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Назарбаев 
халыққа 
Жолдауында, қоғам мен мектептің ендігі басты міндеті – тек болашақ ұрпақ 
тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын 
саналы түсінетін, рухани білімді азамат, патриоттар ұрпағын тәрбиелеу екенін 
ашып көрсеткен. Тәрбиеленушіні мектептегі оқу-тәрбие жүйесі арқылы 
өркениетті қоғам құру іскерлігіне ұмтылатын жеке тұлға ретінде қарастыра, 
оларға өркениеттік талаптарына сай өмір сүруді, имандылық, адамгершілік 
құндылықтарды өмір шындығы негізінде қабылдата, игерте отырып тәрбиелеу, 
бүгінгі мектептің тәрбие мазмұнының басты бағыты болуы керек. 
 
Олай болса,
«Тағылым» орталығының мақсаты 
– өз жерінің тағдыры 
толғандыратын, туған халқының тарихына, мәдениетіне, тіліне мақтаныш 
сезімі оянған, әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан егеменді 
мемлекет ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы» еңбегінде «Мемлекетімізді 
егеменді, тәуелсіздікке жеткізетін 4 күш: біріншісі – жеріміздің қойнауындағы 
байлық; екіншісі – жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі – өндіріс байлығы; 
төртіншісі – тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті 
қалыпқа сыймайтын, бүкіл әлемдік деңгейдегі жасалымдары» деп атап 
көрсеткендей, жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие берудің маңызы ерекше. 
Тәлім-тәрбиеге байланысты іс-шаралар мазмұны:
жасөспірімнің балалық 
шағынан бастап, мектептік оқу-тәрбие процесі арқылы сезімдік, танымдық, 
ойлау, талғам қабілеттіліктерін қалыптастыру, дүниетанымдық өрісін кеңейту, 
олардың әлеуметтік ағымдармен, қоғамдық талаптармен тығыз байланыста 
өмір сүруін қамтамасыз ететін білім, ғылым негіздерін, жалпыадамзаттық, 


53
ұлттық мәдени, моральдық-этикалық құндылықтарды игерту, сол арқылы қоғам 
өміріне белсенді араласуға бағыттап, әлеуметтендіруді қамтуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет