Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады
Оқушыларда тұлғалық өзін-өзі жетілдіруге мақсатты бағытталған өзін-өзі рефлексиялау туралы ұғым қалыптастыру «Рефлексия» ұғымы алғаш философия ғылымына енді, индивидтің өз
санасында өзінің жасаған іс-әрекеттерін ой елегінен өткізуін білдірді.
Рефлексия (
«reflexio» латын сөзінен шыққан, тікелей аудармасы – артқа қарау,
бұрылу) қандай да бір нәрсені үйрену мен таңдаудың көмегімен ой елегінен
өткізу процесі.
Педагогикалық рефлексия – педагогтың өзін оқушының орнына қоя алу
қабілеті, кез келген жағдайда да оқушының іс-әрекетіне түсінушілік білдіру,
оқушыны қолдап, дер кезінде қуаттап отыруы және оқушының өзіне деген
көзқарасын ұдайы көре алуы, одан дұрыс қорытынды шығара алуы
(Ш.Т.Таубаева).
Қазір ғалымдар
өзін-өзі рефлексиялау мәселелерін де қарастыруда.
Ғалымдар өзін-өзі рефлексиялау мәселесін педагогтың шығармашылық
іс-әрекетімен бірлестікте қарауда. Көптеген философиялық, психологиялық
зерттеулерде
шығармашылық
іс-әрекет
рефлексиямен
бір
жүйеде
қарастырылады
(В.В.Давыдов,
Я.А.Пономарев,
И.Н.Семенов
және т.б.). Авторлардың пікірінше, рефлексия өзіндік сананың құнды формасы
бола тұра және рефлексияның шығармашылық қабілеттерімен өзара байланысы
бола тұра осы күнге дейін не орта мектептің, не жоғары мектептің білім беру
мазмұнының басты элементі бола алмай отыр. Ғылымда рефлексияның әртүрлі
типі мен деңгейлері белгілі: дүниетанымдық, әдіснамалық, психологиялық
және т.б.
Өзіндік рефлексияның өлшеу бірлігі – өзіндік талдау. Өзіндік талдау
педагогикалық талдаудан генетикалық тұрғыдан шығады. Педагогика
ғылымында педагогикалық талдаудың және өзіндік талдаудың жүйелі теориясы
қалыптасқан: педагогикалық талдау мен өзіндік талдаудың байланысы
анықталған; педагогикалық талдаудың мазмұны мен негізгі бағыттары
ашылған; мектепті басқару жүйесінде оқу-тәрбие процесінде педагогикалық
талдаудың орны мен рөлі; педагогикалық талдаудың әдіснамалық принциптері
мен әдістері; оқу-тәрбие процесін педагогикалық талдау қызметінің жалпы
теориялық тұжырымдамасы; педагогикалық талдау функциясы мен оқу-тәрбие
процесін педагогикалық талдау технологиясының нобайы және т.б.
Педагогикалық рефлексия мәселесі педагогтың өзінің тұлғасын өзі
өзектендіруімен тығыз байланысты. Өзін-өзі өзектендіру тұлғаны дамыту тетігі
ретінде адамның әлеуеттік ерекшеліктерінің көкейкестіге айналуымен
сипатталады.
19-суретте педагогтың кәсіби шеберлігін арттыруда өзін-өзі дамыту
технологиясы ашылды.