Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет77/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Тәрбие тағылымы 
 
 
Ахмет Иүгінеки
(XII-XIII ғғ.) 
Ұлыдан ұлағат 
 

Әдептің басы – тіл 

Білімді – алтын нұры ашылатын, 
Білімсіз 
– 
қара 
бақыр 
шашылатын... 
Жүрседағы тым шіреніп, 
Білімсіз жан – тірі өлік
 
 
 
Аристотель
(б.з.б. 384-322 б.з.д.) 
Білгенге маржан 
 

Өнер біткеннің барлығы сияқты, 
тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін 
толтыруды мақсат етеді 
 
5-тақырып. Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау 
 
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар 
ұжымын дамытуды болжау процесі және сынып пен мектептегі тәрбие 
жұмыстарының стратегиясын анықтау 
Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы. Жоспардың 
қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды 
орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының 
бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы 
тәрбиеленушілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары және олардың 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт.
Осыған байланысты тәрбие берудің басым стратегиялық 5 бағыты 
айқындалды (34-сурет). 


99
 
 
Сурет-34. Тәрбие берудің стратегиялық бағыттары 
 
1-стратегиялық бағыт –
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру 
жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмысын жүргізудің
12 бағытына негіздей отырып, тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнын жетілдіру 
және сапасын арттыру. 
- азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие; 
- рухани-адамгершілік тәрбиесі; 
- отбасы тәрбиесі; 
- өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру; 
- әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру; 
- коммуникативті мәдениетті қалыптастыру; 
- экологиялық тәрбие; 
- эстетикалық тәрбие; 
- дене тәрбиесі және саламатты өмір салтын қалыптастыру; 
- еңбек және экономикалық тәрбие; 
- кәсіби-шығармашылық тәрбие; 
- интеллектуалды мәдениетті дамыту. 
2-стратегиялық бағыт –
ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты 
айқындау, жүйелендіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет