Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет79/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Жоспарлаудың қызметтері 
Жалпы алғанда, жоспар – әрекеттің мазмұнды көрсеткіші, оның ретін, 
көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат. 
Жоспарлаудың қызметтеріне нақты тоқталар болсақ: 
- нақты бағыттар мен әрекет түрлерін 
анықтаушылық


болжаушылық
, яғни жанама іс-қимыл көрсету, нақты әрекет арқылы 
нәтиже көрсету; 

үйлестірушілік, ұйымдастырушылық:
әрекеттің қандай тәсілдермен 
ұйымдастырылатындығы, оның объектісі және субъектісі кім болатынын, оның 
басқа түрлерінің өзара қатынасын, сол сияқты әрекетін көрсету, олардың 
орнын, уақытын кім, қашан, қайда орындайтынын анықтау; 
-
бақылаушылық
: қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау; 

қалпына келтірушілік
: кез келген уақыт аралығында жоспар бойынша 
істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру (35-сурет). 


101
Сурет-35. Жоспарлаудың қызметтері 
Барлық жағдайда жоспарға әкімшілік үшін емес, сынып жетекшісі өзіне 
қажет жұмыс құжаты ретінде қарап, жұмысты ретсіз жүргізбей, өз ойлары мен 
мақсаты, мүмкіндіктері мен талаптарына сәйкес жүргізуі керек. Жоспар егер 
талапқа сай жасалса, тәрбие жұмысын жүргізуге көмек болады. 
Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері 
Жоспардың мақсаттылығы жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің 
нақты мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады. Жоспар 
оқушының қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына 
бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары 
зерделенеді. Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған 
білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі 
оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. Сынып 
жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында тәрбиелік іс-
шаралардың түрі (формасы), әдіс-тәсілдері бағыттары қарастырылады.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар: 

Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі. 

Жоспардың өмірмен тығыз байланыстылығы. 

Жоспардың 
жан-жақтылығы, 
тәрбиенің 
барлық 
салаларының 
қамтамасыз етілуі. 

Тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жас және тәрбиелік 
деңгейіне сәйкестігі. 

Жоспардың нақтылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет