Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


А.С.Макаренко, В.А.Караковский, Л.В.Байбородова, Н.Е.Щуркова



Pdf көрінісі
бет73/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

А.С.Макаренко, В.А.Караковский, Л.В.Байбородова, Н.Е.Щуркова, 
Н.Ф.Голованова еңбектеріндегі теориялық ережелер және тәрбие 
жұмысының әдістемесі 
Ұлы педагог 
А.С.Макаренко
тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың 
егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай 
түсіндіреді: қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау – оның жойылу 
формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады 
(ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет). 
Сондай-ақ, ұлы педагог ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. 
Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол төмендегілерді ескерді: 
1)
үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 
2)
өзіндік қадірін сезіну; 
3)
мүшелерінің достық бірлігі; 
4)
әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі; 
5)
іс-қимыл, іс-әрекет белсенділігі; 
6)
ұстамдылыққа әдеттенуі, тілдесудегі өзіне шек қоя білуі. 
В.А.Караковский
бойынша жетекші идея – оқушы
тұлғасына бағдарлану, 
оның мүддесі мен қабілеттілігі. Идеялар кешенінде ұжымның педагогикалық 
тұжырымдамасы маңызды рөл атқарады. Ол тәрбиенің жүйелілігі, кешендігі, 
педагогикалық ықпалдың интеграциялануы, ұжымдық шығармашылықтың 
қажеттігі сияқты идеяларға негізделген.
Мектеп ұжымының ұйымдастырушылық құрылымы өте қарапайым. 
Мектеп 
әкімшілігі 
мен 
педагогикалық 
кеңестер 
пән 
мұғалімдер
мен барлық сыныптардан оқушылар қатыстырылатын үлкен кеңес жұмыс 
істейді. Бұл кеңес өте сирек, жылына 4-5 рет ғана өткізіледі. Онда 
жиналатындардың көпшілігі оқушылар, кейде олар педагог пікірімен сәйкес 
келмейтін шешімдер де қабылдайды.


94
Н.Е.Щуркованың
тәрбие 
жұмысын 
жоспарлау 
тұжырымдамасы 
мәдениеттану, ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді. 
Тәрбиелеу мақсаты – саламатты өмір құра алатын жеке тұлғаны 
қалыптастырып тәрбиелеу. Тәрбиенің міндеттері педагогтың тұлғамен біріккен 
қарым-қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. 
Н.Е.Щуркова тұлға іс-әрекетінің көптеген түрлері мен формасын ұсынады: 
танымдық, шығармашылық, еңбек, бағалы құндылықтар, көркемөнер, спорттық 
сауықтыру, қарым-қатынас және т.б.
Тәрбие жұмысын жоспарлау тек қана жоспар құрумен шектелмеуі қажет. 
Жоспарлау – оқушылармен жүргізілетін барлық жұмыстың өн бойында жүретін 
шығармашылық процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет