106
Біріншіден,
оқушылардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін,
тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне,
мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін
ескере отырып, мақсаты мен міндеттерін анықтап алуы қажет.
Екіншіден,
оқушылар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен
ұғымдарын,
икемділіктері
мен
қажеттіліктерін,
даму
деңгейлерін,
қарым-қатынастарын және т.б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы
тәрбиелерін, оқу-тәрбие процесі барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Бұл екі
жолмен жүзеге асырылады:
1) психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін,
диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы;
2) бастапқы күндерден бастап тәрбиешінің жұмыстарын: «Білім күні»,
«Жексенбілік жорық», «Танысу күні», «Бірінші ата-аналар жиналысы»,
«Кабинетті керкейту және жарақтандыру», «Сенбілік өткізу» және т.б.
іс-шаралар жүргізу. Бұл іс-шаралардың барлығы оқушылармен, сынып ұжымы
және ата-аналармен жақынырақ танысуға көмектеседі.
Үшіншіден,
оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары:
сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (олардан сұрақтарға жазбаша
жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.
Төртіншіден,
алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін
зерттеу.
Бесіншіден,
барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсия,
мұражай, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу және т.б.
қажеттігін анықтау.
Тәрбиеші тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегідей ұстанымдар
жиынтығын ескеруі қажет:
1.
Мақсат.
2.
Оқушылардың жас ерекшеліктері.
3.
Сынып ұжымының қызығушылықтары.
4.
Жоспарланатын істің жүйелілігі.
5.
Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану.
6.
Жоспарлаудың шығармашылық сипаты.
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауға оқушылар қатыстырылып және
әртүрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер барлауы»,
«Ақыл-ойға шабуыл», «Пайдалы істер аукционы», «Жоспар жобасын қорғау»
және т.б.
Сондай-ақ, ата-аналар да жоспарлауға қатыстырылып, оқушылармен бірге
өткізілетін іс-шараларды ойластырады.
Достарыңызбен бөлісу: