Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-36. Мектеп жоспарының түрлері



Pdf көрінісі
бет81/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-36. Мектеп жоспарының түрлері 
Жоспар 
түрлері 
Перспективалық 
Жылдық 
Ағымдық 


103
Мектеп жоспарының түрлері:
 
1. 
Перспективалық жоспар
мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына 
терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. 
Оның құрылымы:

Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері. 

Оқушылар санының жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту 
мүмкіндігінің перспективасы. 

Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің 
перспективасы. 

Мектептің педагог кадрларға деген сұранысы. 

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (курстар, семинарлар, 
тренингтер және т.б.). 

Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік 
жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер 
жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру және т.б.). 

Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, 
еңбек және демалыс жағдайын жақсарту. 
2. 
Жылдық жоспар
жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. 
Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да 
бірнеше кезеңді қамтиды. 
Бірінші кезеңде
(бірінші тоқсан) мектеп директоры, оның орынбасарлары 
дамыту мен білім беру, сонымен қатар теориялық және әдістемелік
нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. 
Екінші кезеңде
(екінші тоқсан) директордың басшылығымен жоспар 
жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет 
жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. 
Үшінші кезеңде
(үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтер, комиссия 
мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиыншылықтардың себебі 
айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. 
Төртінші кезеңде
(төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, 
талқыға салынады. Оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің 
жұмыс жоспары бекітіледі. 
3. 
Ағымдағы жоспар 
жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу 
тоқсанында жасалады.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында 
көптеген шараларды белгілеу. Тәрбие жұмысының моделі, бағыты білім 
мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады. 
Сонымен, жоспарлау – мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің кәсіби
іс-әрекетінің негізгі құрамды бөлігі және мектеп өмірінің қызықты, маңызды 
шығармашылық бағытта жүргізуге арналған мақсат-міндеттерін ата-аналар мен 
оқушылар және мұғалімдердің бірлесіп шешуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет