113
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай
көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен
сыр-сұхбат, дөңгелек үстел, пікірталас, әңгіме түрінде
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол,
баскетбол, футбол, шаңғы тебу және т.б.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар
оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып, оқырмандар мәжілістерін
өткізу.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына
оқушылардың талап-тілектері,
қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық
және т.б.
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада,
жарыстар өткізу.
13. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдарын атап өту.
14.
Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа
қатысуын,
кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік
алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу
секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне
талдау жасап отыру.
15.
Мұражай, көрме,
демалыс-мәдени орындар, кино, театр, өндіріс
орындарына саяхат жасау.
16.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.
17. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету
жұмыстарын ұйымдастыру.
18. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын
ұйымдастыру.
1-4 бастауыш сыныптарда өзін-өзі басқару жүйесі арқылы олардың
қабілетін ұштау, әлеуметтік орындарға көзқарасын дұрыс қалыптастыру және
сыйлауға баулу міндеті қойылады да, осыған бағытталған «Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен», «Мен нені жақсы көремін?», «Көзіңмен көргенді, қолыңмен
жасауды қалайсың ба?» және т.б. жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады.
5-9
сыныптарда оның әлеуметтік басқарушылық іс-әрекетіндегі
қабілеттерін дамыту, топ басшы рөлі негізінде
өзінің саяси ұстанымын
және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту болып табылады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жігіттік шаққа бір қадам»
дөңгелек үстел, «Адам – жұмбақ әлемі» конференция, «Жағдай жасалмаса,
жеке тұлға қалыптасады ма?» атты пікірталас ұйымдастыруға болады.
10-11 сыныптарда әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық
қасиеттерін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру міндеті
қойылады да, «Болашақ тұлға» идеялар аукционы, «Әлеуметтік жобалар»
сайысы, «Біз бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» дөңгелек үстел,
114
«Сабырлық
–
асыл
қасиет»
ойталқы
сынды
жұмыс
формалары
ұйымдастырылуы керек.
Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып,
әр буынға көшкен сайын
әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша
жұмысты ұйымдастыру формасы және өткізілетін тәрбиелік шараның
тақырыптары да күрделене түседі.
Достарыңызбен бөлісу: