Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


 Тәрбиешінің ата-аналарға беретін кеңесі



Pdf көрінісі
бет92/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

10. Тәрбиешінің ата-аналарға беретін кеңесі:
 
A) Тәрбиеленушіге ескертуді жай түсіндіру 
B) Тәрбиеленушіні саламатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу 
C) Тәрбиеленушіні дене тұрғысынан жетілдіру 
D) Тәрбиеленушіні шығармашылық тұрғыда жетілдіру 
E) Тәрбиеленушіге қатаң түрде ескерту жасау 
F) Тәрбиеленушінің интеллектуалдық қабілетін дамыту 
G) Тәрбиеленушіні кәсіби тұрғыда жетілдіру 
H) Тәрбиеленушіні көркемөнерге баулу 
Тәрбие тағылымы 
 
Абай Құнанбаев 
(1845-1904)
Ұлыдан ұлағат 
 

Мен егер закон қуаты қолымда 
бар кісі болсам, адам мінезін түзеп 
болмайды деген кісінің тілін кесер 
едім 

Егер ісім өнсін десең, ретін тап 

Үш-ақ 
нәрсе – адамның 
қасиеті: 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, 
жылы жүрек 
 
 
Антон Павлович Чехов
(1860-1904) 
Білгенге маржан 
 

Өзіңді 
қарапайым 
жылы 
лебізбен сыйлата білмесең, құр 
қаталдықтан түкте шықпайды 

Инабатты 
адам иттен де 
ұялады 
 
 
 
 


122
2-БӨЛІМ. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН 
 ЖҮРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
 
6-тақырып. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі 
Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – мектептегі тәрбие процесінің 
нәтижелі шарттарының бірі 
Мектеп өзінің назарынан баланың мінез-құлқын, қабілетін, тіршілік 
әрекеттерін тыс қалдырмауға тырысады. Сондықтан тәрбиенің мақсатын 
белгілеуші тек қана мемлекет емес, сонымен қатар оқушының рухани, ұлттық 
дамуын қалайтын ең жақын адамдары: ата-аналар, мұғалімдер, қоғамдық 
күштер. Осы тұрғыдан алатын болсақ, жас ұрпақтың денсаулығын
адамгершілік табиғи қабілетін (ақыл-ой, еңбек, көркемдік, коммуникативтік) 
дамыту, жетілдіру бірінші кезектегі іс. Себебі осы қасиеттер арқылы ғасырлар 
бойы жинақтаған мәдени мұра атадан балаға жетіп отыр.
1934 жылы «Жалпы еңбек мектебінің» Жарғысы мен Ережесінің 
қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтан оқыту тәртібіне 
көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып 
жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен 
мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып 
жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту 
Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметі де 
бекітілді. 
Осы орайда, сыныппен жұмыс істейтін тәрбиешілердің бірі мектеп 
директорының бұйрығымен сынып жетекшілікке тағайындалады. Ол тәрбие 
жұмысын өзіне сеніп тапсырған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп 
әкімшілігі, мұғалімдер, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар, мектептен тыс 
мекемелер, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар
күш-жігерін жұмсайды. 
Жалпы сынып жетекшісі – тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана 
қоймай, сонымен қатар әр оқушының бойындағы бейімділігін, кәсіби 
икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік 
және достық хал-ахуалын тудыра білуі керек.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты
әр оқушының жеке 
ерекшеліктерін сақтау, дербес қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, 
жетілуіне жағдай жасау. 
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері:

сыныптағы оқушылардың талаптары мен мүдделерін, жеке басының 
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу; 

сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды 
белсенді де саналы ұжымға ұйымдастыру; 

тәрбие 
процесінде 
мектеп, 
отбасы 
мен 
жұртшылықтың
қарым-қатынасын қамтамасыз ету; 

тәрбие 
процесінде 
мектеп, 
отбасы 
мен 
жұртшылықтың
қарым-қатынасын қамтамасыз ету; 


123

сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және 
оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оларға қоятын 
педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету; 

оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала 
тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу; 

оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта 
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру; 

тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету; 

тәрбие 
қызметінің 
тұтастығын, 
жүйелілігін, 
тәрбиелік
іс-шаралардың бірлігін қамтамасыз ету; 

тәрбиенің негізгі бастауы саналатын ұлттық тәлім-тәрбиені сынып 
жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру және т.б. 
Сынып жетекшісі өзінің жұмысын ең алдымен, оқушыларды, олардың 
арасындағы қарым-қатынастарды және отбасының әлеуметтік жағдайларын 
зерттеуден бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет