Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет18/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы. 
Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас 
иілген, ӛте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар, ұзындығы 0,1-3,0 
х 5-250мкм; бір жасушалы. Жасушалар протоплазмалық цилиндр секілді 
фибриллалармен оралған, қозғалғыш, спора түзбейді, грам теріс, жасуша 
ішілік қосындылар бар. Кейбір спирохеталар анилинді бояулармен нашар 
боялады. Спирохеталар туыстастықтарын санына және жіпшелердің 


22 
орамдарына, аяқтамаларына байланысты жіктейді. 
Актиномицеттердің морфологиялық сипаттамасы. 
(ескі жіктелуі 
бойынша сәулелі саңырауқұлақтар). Актиномицеттердің саңырауқұлақтардан 
айырмашылығы жасуша құрылысы прокариоттық, жасуша қабырғасында 
хитин немесе целлюлозасы болмайды Тек жыныссыз жолмен кӛбейеді. 
Актиномицеттердің мицелийі субстратты және ауалы болып екіге бӛлінеді. 
Мицелиальді бактерияларға микобактерияларды
нокардия және 
актиномицеттер туыстастықтарын, бірнеше жоғары актиномицеттер 
туыстастықтарын жатқызамыз. 
Риккетсиялардың морфологиялық сипаттамасы. 
Риккетсиялар ұсақ 
полиморфты грам теріс бактериялар. Олардың жасуша қабырғасы екі 
қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар 
пішіндері бойынша таяқшалы, жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық 
риккетсиялар жасуша ішілік паразит болып табылады, сондықтан олар тек 
тірі ағзада ғана кӛбейе алады. Олар бӛртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық 
инфекциялық ауруларды тудырады. Тасымалдаушылары болып: кенелер, 
биттер, бүргелер табылады. Осылардың ағзаларында риккетсиялар кӛбейеді. 
Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы. 
Микоплазмалар 
табиғатта кеңінен таралған ұсақ племорфты грам теріс микроорганизмдер
басқа бактериялардан айырмашылығы жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш 
қабатты 
липопротеидті 
цитоплазматикалық 
мембранадан 
тұрады. 
Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді 
болады. Микоплазмаларды Берджи жіктелуі бойынша Tenericutes бӛліміне 
жатқызады. Олардың ӛлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125-150-ге 
нм дейін. Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда 
табылған. Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді 
түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зәр 
шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адам үшін патогенді Mycoplasma 
pneumonia, ал шартты-патогенді - Mycoplasma hominis болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет