Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы



Pdf көрінісі
бет26/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы 

1-ші кезең

а) Зерттеу үшін патологиялық материалды алу. 
б) Тасымалдау, сақтау, патологиялық материалды зерттеуге дайындау. 
в) Патологиялық материалдан жұғын дайындау, Грам әдісі бойынша бояу 


31 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
және микроскопия жүргізу. 
г) Патологиялық материалды анаэробтарға арналған сұйық қоректік ортаға 
егу. Анаэробты жағдайда термостатта инкубациялау. 

2-ші кезең

а) Сұйық ортадаларда ӛсу сипатын зерттеу, материалдан жұғын дайындау, 
Грам әдісі бойынша бояу және микроскопия жүргізу; 
б) Жекелеген колонияларды алу мақсатында материалды тығыз қоректік 
ортаға егу. Анаэробты жағдайда термостатта инкубациялау. 

3-ші кезең 

а)Күмәнді колонияларды алу мақсатында қоректік орталарда ӛскен 
жекелеген колониялардың (дақылдық қасиетін) ӛсу сипатын зерттеу. 
Күмәнді колониялардан жұғын дайындау (Грам әдісі бойынша бояу) . 
б) Қалған колонияларды таза дақылды алу мақсатында сұйық қоректік 
орталарға егу. Анаэробты жағдайда термостатта инкубациялау. 

4-ші кезең: 
Бөлініп алынған таза дақылды идентификациялау: 
а)Морфологиялық және тинкториальді қасиеті (шабылған агардан жұғын 
дайындау, грам әдісі бойынша бояу); 
б) Дақылдық қасиеті; 
в) Биохимиялық қасиеті; 
г) Антигендік қасиеті; 
д) Токсигенділікті анықтау. 

Қорытынды: 
Бӛлініп алынған микроорганизмнің түрі кӛрсетіледі, керек 
жағдайда бӛлініп алынған микроорганизмнің антибиотикке сезімталдығын 
анықтау нәтижесіде де беріледі. 
Бактериялардың қоректенуі 
Бактериалық жасушаның химиялық құрамы.
Бактерия жасушасының 80- 
90% судан, ал қалған 10% құрғақ заттан тұрады. Жасуша ішіндегі су бос 
немесе байланысқан күйде болады. Ол жасушаға серпімділік қасиетін бере 
отырып, гидролитикалық реакцияларға қатысады. Жасушаны кептіру арқылы 
ішіндегі судан арылту, ондағы метаболикалық және кобею процестерінің 
тоқтауына әкеліп соқтырады. Мұздатылған күйдегі жасушаны вакуумда 
кептіру (лиофилизациялау) микробтардың кобеюін тоқтатып, ұзақ уақыт 
сақталуына мүмкіндік береді. 
Құрғақ зат құрамы тӛмендегідей: 52% - ақуыз, 17% - кӛмірсулар, 9% - 
майлар, 16% - РНҚ, 3% - ДНҚ және 3% - минералдық заттар. 
Ақуыздар ферменттер болып табылады, сонымен қатар жасушаның 
құрлымдық бӛлігі, ол цитоплазматикалық мембрана және оның туындылары, 
жасуша қабырғасы, талшықтар, споралар және кейбір капсулалар құрамына 
кіреді. Кейбір бактериялардың ақуыздары олардың антигендері мен 


32 
токсиндері болады. Бактериялар ақуздарының құрамына адамдарда 
болмайтын Д-аминқышқылдары мен диаминопимелин қышқылы кездеседі. 
Бактерия 
жасушасы 
құрамындағы 
кӛмірсулар 
моно-, 
ди-, 
олигосахаридтер мен полисахаридтер күйінде болады, сонымен қатар 
ақуыздар, майлар және басқа қосындылар құрамына кіреді. 
Майлар немесе липидтер цитоплазмалық мембрана құрамына кіреді
грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасында болады, сондай-ақ, қоректік 
зат ретінде жинақталады, грамтеріс бактериялардың эндотоксиндерінің 
құрамында болады, ЛПС құрамында антиген түзеді. 
Нуклеин қышқылдары
. Бактерия жасушасында РНҚ-ның барлық түрлері 
кездеседі: иРНҚ, тРНҚ, рРНҚ. Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер – 
нуклеин қышқылдарын түзетін құрылыстық блоктар болып табылады. Бұдан 
басқа пурин және пиримидин қышқылдары кӛптеген коферменттер құрамына 
кіре отырып аминқышқылдарын, моносахаридтерді және органикалық 
қышқылдарды тасымалдауға қатысады. ДНҚ бактерия жасушасында тұқым 
қуалау қызметін атқарады. ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидтік 
тізбектерден тұрады. 
Минералдық заттар жасушаны ӛртегеннен кейінгі кұлден табылады. 
Тӛмендегідей кӛптеген минералдық заттар (N, S, Ca, K, Mg, Fe, Mn), 
сонымен қатар микроэлементтер (Zn, Cu, Co, Ba) кездеседі. 
Қоректену 
түрлері 
және 
энергия 
алу 
әдістері 
бойынша 
бактериялардың жіктелуі. 
Бактерия метаболизмінің негізгі мақсаты ӛсу , 
дәлірек айтқанда жасушаның барлық құрылымдарының үйлесімді ұлғаюы 
болып табылады. Бактерия жасушасының негізі кӛміртегі атомынан тұратын 
органикалық қосылыстар (ақуыздар, кӛмірсулар, нуклеин қышқылдары) 
болғандықтан, жасуша ӛсу үшін үздіксіз кӛміртегі атомдарының түсіп 
тұруын қажет етеді. Сіңірілетін кӛміртегі алу кӛзіне байланысты 
бактерияларды тӛмендегі түрлерге бӛледі: 
Аутотрофтар 
(гректің 
autos- 
ӛзім, 
trophe- 
қоректену)-ӛз жасушаларын 
құруда кӛміртегін ауадағы СО2 - нен сіңіретіндер. 
Гетеротрофтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет