Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Байланысты:
Ахметова микро

Тірі күйінде (витальді) бояу. 
0,001% метилен кӛгінің немесе бейтарап қызылдың ерітіндісінің 
тамшысына микроорганизмдердің қоспасын енгіземіз. Содан соң «езілген» 
немесе 
«ілінген» 
тамшы 
препаратын 
дайындаймыз 
және 
микроскопиялаймыз. 
«Езілген тамшы» препаратын дайындау: 
Майсыздандырылған заттық 
шынының ортасына сұйық сорпа дақылының 1 тамшысын тамызамыз. 
Егерде дақыл тығыз қоректік ортада ӛсірілген болса, онда 1тамшы стерильді 
натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызып, сосын ілмекпен 
дақылдан алып, ілінген бактерияны тамшымен араластырамыз. Немесе 
изотоникалық ерітіндіде микроорганизмдер қоспасын дайындап,содан 1 
тамшы алуға болады. Зерттелетін материалға жабын шыныны жабамыз, ауа 
тамшыларын қалдырмай. Тамшы алғанда оның кӛлемі заттық шыны мен 
жабын шынының ортасын ғана толтырып, жиегінен аспауы керек. 
Препаратты құрғақ жүйемен де иммерсиондық жүйемен де кӛруге болады. 


25 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
40х және 90х объективті қолдана отырып, микроскоптайды. Қараңғы 
аймақтық немесе фазалы – контрасты құрылымдарды қолдану арқылы ӛте 
жақсы нәтижелерді алады. Препараттар жылдам кеуіп кетеді, егер оларды 
біршама уақыттан кейін қарайтын болса, онда оны ылғал камераға (Петри 
ыдысына ) түбіне 2-3 ылғал дӛңгелек сүзгіі қағазы, оның бетін екі құрғақ 
қағазбен жауып орналастырамыз. Препарат кеуіп кетпес үшін және 
сұйықтықтың турбулентті қозғалысының конвекциясын тудырмас үшін оны 
герметизациялауға болады. Бұл мақсатта парафин майын, парафин мен 
вазелиннің тең кӛлемін немесе тырнаққа арналған лакты қолдануға болады. 
Қозғалғыш микроорганизмдер кейде шыныға жабыспайды, сондықтан 
қозғалғыштықты «ілінген тамшыда» оңай кӛруге болады. 
«Ілінген тамшы» препаратын дайындау: 
Заттық шыныға зерттелетін 
материалдың аз мӛлшерін тамызып, ойшығы бар заттық шынының 
ойшығының айналасына алдын ала вазелин майы жағып алады да,заттық 
шыныны тӛңкеріп жабады, сол кезде екі шыны беттесіп жабысады. 
Герметикалық жабылған камера пйда болып,тамшы ұзақ уақыт кеуіп кетпей 
сақталады.Алғашында препараттағы тамшының жиектерін кішкентай 
үлкейткішпен, қысылған диафрагмамен тауып қарап, кейіннен неғұрлым 
күшті 
құрғақ 
жүйенің 
кӛмегімен 
зерттейді.Кӛптеген 
қозғалғыш 
микроорганизмдер жылдам қозғалады да зерттеуге қиындық туызады. 
Суспензияға метилцеллюлоза қосу арқылы олардың қозғалысын баяулатып, 
олардың қозғалысын кӛретіндей жағдай жасауға болады. 
Хаттама толтыру кесте үлгісі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет